Мұрын қуысы


Мұрын қуысы (cavum nasale) ұрықтық дамуда ауыз қуысынан таңдай өсiндiлерiмен шектелiп, қалыптасады. Кiреберiстен және меншiктi мұрын қуысынан тұрады.

Кiреберiс (vestibulum nasi) көпқабатты жайпақ түлейтін эпителиймен төселген. Астында жайғасқан кiлегейлi қабықтың меншiктi тақташасы борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады. Мұрынның кiреберiсiнде түк жабыны (жылқыда көп) және бездер болады. Мұрын кiлегейлi қабығының алдыңғы -төменгi бөлiгi бiр қабатты көп реттi тербелмелi эпителиймен төселiп, онда бокал тәрiздi жасушалар кездеседі. Оның жоғарғы және артқы аймағының бетi иiс сезу ағзасы (сезiм ағзаларын қара) болып келедi. Мұрын кiлегейлi қабығының меншiктi қабаты борпылдақ қалыптаспаған дәнекер ұлпадан құралып, бірталай эластинді талшықтарды, кiлегейлi бездерді сақтайды. Эпителийдегi бокал тәрiздi жасушалар мен кiлегейлi қабықтың меншiктi тақташаларындағы бездер кiлегейлi түзiндi бөледi. Бұл түзiндiлерге тыныс алуда ауамен түсетiн бөлшектер жабысады. Эпителийдегi жасушалардың кiрпiкшелерi қозғалып, аран бағытында сұйықтық ағымын қалыптастырып, эпителий жабынын тазартады. Мұрын қуысы кiлегейлi қабығының меншiктi тақташасы борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады, терең аймағында қалың қуысты кең көктамырлар торы болады. Бұл торлар қанға толғанда, кiлегейлi қабық iсiнедi, тыныс алуда ауа түсуiн шектейдi, сөйтiп оның жылуына мүмкiндiк туғызады (132 сурет).

Кiлегейлi қабықтың меншiктi тақташасында лимфа көпiршiктерi болады, олардың саны аран аумағында көбейедi. Лимфоидтi ұлпа шошқа мен күйiс қайыратындарда күштi дамиды.

Мұрынның кiлегейлi қабығында сiрлi, шырышты бездер сақталады. Сiрлi бездер етқоректi жануарларға тән, бұл бездің соңғы бөлiмiнде шырышты жасушалары аз кездеседi. Күйiс қайыратын малдар мұрынының кiлегейлi қабығында шырышты бездер өте мол болады. Бұл бездер жылқы мұрын қуысының түбiнде, кiреберiсiнде орналасады, ал мұрын қуысының дорсальдi қабырғасында бездер өте аз кездеседi. Шошқаның мұрын кiреберiсi мен дорсальдi, вентральдi қалқандарының кiлегейлi қабығында бездер күрделi, тармақталған, соңғы бөлiмдерiнде, сiрлi, шырышты жасушалары болады.