Көмекей


Көмекей (larynx)-ауа жолының бөлiгi, дыбыс шығаруды қамтамасыз етедi. Оның қабырғасы үш: кiлегейлi, талшықты-шемiршектi, адвентиция қабықтарынан тұрады (133 сурет).

Көмекейдің ішкі кiлегейлi қабығы бiр қабатты көп реттi призма тәрiздi ауасүзгiш эпителиймен, көмей қақпашығының алдыңғы, жоғарғы бөлiгiнiң артқы бетi мен дауыс сiңiрi көп қабатты жайпақ эпителиймен жабылған. Көмекейдің көп реттi кiрпiкшелi эпителийінде бокал тәрiздi жасушалар да болады. Меншiктi тақташаны құратын борпылдақ қалыптаспаған дәнекер ұлпаларда эластинді талшықтар көбірек кездеседi. Көмекей қабырғасының вентральдi аумағында түтiкше-альвеолалы шырышты-белокты бездер және лимфоиод түйiншелерi орналасады. Бездер көмей қақпашағының тiл бетiндегi ожау-көмей қақпағының байламында, сақина тәрiздi шемiршектiң вентральдi бетiнде өте тығыз жатады.

Көмекейдiң ортаңғы қабығы шемiршектен және тығыз дәнекер ұлпадан құралған. Ондағы қалқан (cartilago thyroidea), жүзiк тәрiздi (сақина-cfrtilago cricoidea), ожау шемiршектер (cartilago arytenoidea)-гиалиндi, көмей қақпағы (epiglottis), сына тәрiздi шемiршек (cartilago cuneiformis)-серпiмдi болады.