Кеңiрдек


Кеңiрдек (trachea) - тыныс алу түтiгi, түтiкше ағза және қабырғасы үш: кiлегейлi, талшықты-шемiршектi, адвентиция қабықтарынан тұрады (134 сурет).

Кiлегейлi қабық (tunica mucosa) бiр қабатты көп реттi призма тәрiздi ауасүзгiш эпителиймен жабылған, құрамына құрылысы, атқаратын қызметi әртүрлi мына: төбелiк бетiнде кiрпiкшелерi бар призма және бокал тәрiздi, энтерохромафиндi және негiздiк жасушалар (135 сурет) кiредi.

Призма тәрiздi жасушалардың бетiнде 250 жуық кiрпiкшелер болады. Олар минутына 150-250 рет жиырылады, бокал тәрiздi жасушалар кеңiрдек бездерiнде пайда болған сұйықтықтардың-кiлегейлi түзiндiлердiң, минутына 2-3 мм жылдамдықпен ағуын туғызады да, ауамен түскен бөгде бөлшектердi шығарады. Энтерохромафиндi (эндокриндi) жасушалар пiшiнi пирамида тәрiздi, домалақ ядролары негiздiк бетiнде орналасады, цитоплазмасында дөңгелек түзiндi түйiршiктерi жатады. Бұл эндокринді жасушалар пептид гормондарын, биогендi аминдер (дофамин, серотонин, норадреналин) бөледi, ауа жолындағы миоциттердiң тонусын реттейдi. Негiздiк жасушалар көршi жасушалармен десмосома арқылы байланысады.

Кеңiрдек кiлегейлi қабығының меншiктi қабаты (lamina propria) борпылдақ қалыптаспаған дәнекер ұлпадан тұрады. Оның ерекшелiгi сол, онда серпiмдi талшықтар мол болады, ағзаның ұзына бойына сай жатады, сондықтан ауа өтуiне кедергi болатын кiлегейлi қабықтың көлденең қатпары құрылмайды. Кiлегейасты қабат (tela submucosa) борпылдақ қалыптаспаған дәнекер ұлпадан тұрады, белокты-шырышты бездердің соңғы бөлiмдерi орналасады. Тармақталған шығарушы өзектерi ағза кiлегейлi қабығының бетiне ашылады. Кеңiрдектiң вентральдi және бүйiрлi қабырғаларындағы бездер өте тығыз шоғырланған.

Талшықты-шемiршек қабық (tunica fibrocartilaginea) гиалиндi шемiршек сақиналарынан құралған тақташалар, тұйықталмаған және оны шемiршек қабығы қоршап жатады. Тұйықталмаған жердi тығыз дәнекер ұлпа талшығы және миоциттер, көршi сақиналарды тығыз дәнекер ұлпадағы алмасып жатқан коллаген және кейбiр эластин талшықтары қосады.

Адвентиция (tunica adventitia) борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады.