Ауатамырлары


Ауатамырлар (бронхылар-bronchus) құрылысына және тыныс алудағы телiмдiлiгiне байланысты iрi (bronchi majores, негiзгi ауатамырлар (bronchus principalis), өкпеден тыс бөлiктiк ауатамырлар-өкпенiң бөлшектiк (segmentales)-қаттамалы (lobares) ауатамырлары), өкпенiң үлпершегiндегi ортаңғы және кiшi ауатамырлармен ауатамыршаларға (bronchioli) бөлiнедi. Ауатамыршалар 1-2, одан да көп ауасүзгiш ауатамыршаларға жалғасып, бiрнеше өкпе көпiршiгi жолдарына (ductuli alveolares) ажырайды. Кейiнгi көпiршiк қалташаларына (sacculi alveolares) және өкпе көпiршiктерiне (alveoli pulmonis) ауысады (136 сурет).

Өкпеден тыс ауатамырлардың құрылысы кеңiрдек құрылысындай.

Ортаңғы калибрлi ауатамырлардың қабырғасы бiр қабатты көп реттi ауасүзгiш эпителиймен жабылған, ол кiшi калибрлi ауатамырларда бiр қабатты бiр реттi тербелмелiге ауысады.

Бұл эпителийде, әдетте кеңiрдекте болатын тербелмелi, не кiрпiкшелi, бокал тәрiздi, эндокриндi және негiздiк жасушалардан басқа, кiшi калибрлi ауатамырлар мен ауатамыршаларда пiшiнi цилиндрге ұқсас және төбе бетi эпителийден шығып, секрет түйiршiктерін сақтайтын, тұрақты қосындылары жақсы дамыған, ядросы хроматинге бай, сурфактантты (өкпе ауасүзгiш эпителийiн жабатын зат) ыдырататын ферменттерді өндiретiн-секреторлы немесе Клара, төбелiк бетiнде қысқа микробүрлерi бар, хеморецепторлар рөлiн атқаратын-бүрлi, ауатамыршаларда орналасып, төбелiк бетi эпителий қабатынан шығып тұратын, митохондрийлер, гликогендер және түйiршiктер сақтайтын-кiрпiкшесiз жасушалар (137 сурет) болады.

Ауатамыры кiлегейлi қабығының меншiктi қабаты борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады. Кейінгі ұзына бойына бағытталған эластин талшықтарына бай болады.

Бұлшық ет қабаты бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушаларынан тұрады, шиыршық тәрiздi бағытталған.

Кiлегейасты негiз борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады, онда шырышты-белокты бездердiң соңғы бөлiмдерi болады. Бұл бездер, әсiресе жыртқыш жануарлар ауатамырларының кiлегейасты негiзiнде мол байқалады.

Орташа калибрлi ауатамырдың талшықты-шемiршектi қабығы тығыз дәнекер ұлпадан құрылған, шемiршек тақташалары болады. Ауатамырлар шемiршек қаңқасының көлемi, пiшiнi олардың калибрлерiне сай өзгередi. Мұнда бұл қабық шемiршектi тақташаларының кеңдiгiмен сипатталады. Ауатамырлардың калибрi кiшiрейген сайын, оның қабырғасы да өзгередi: а) кiлегейлi қабықтағы эпителий қыртысының биiктiгi төмендейдi (көп реттi цилиндр тәрiздiден қос реттiге, кiшi калибрлi ауатамырларда-бiр реттiге, ал соңғы ауатамыршаларда бiр реттi куб тәрiздiге дейiн), ондағы бокал тәрiздi жасушаларда бiртiндеп төмендейдi де, кейiн тіпті жоғалып кетедi. Соңғы ауатамыршалардың алыстағы бөлiмдерiнде кiрпiкшелi жасушалар болмайды, бiрақ онда Клара жасушалары кездеседi; б) кiлегейлi қабықтың қалыңдығы жұқарады; в) серпiмдi талшықтардың саны артады; г) бiрыңғай салалы бұлшық еттің саны артады, ауатамырлар калибрi кiшiрейген сайын кiлегейлi қабықта бұлшық ет қабаты айқын байқала бастайды; д) шемiршек ұлпаның көлемi бiртiндеп азаяды да, соңында ол шемiршектің тақташалары мен аралшықтарынан айырылады; е) шырышты бездердің саны азаяды да, кiшi калибрлi ауатамырлары мен ауатамыршаларында олар болмайды. Гиалиндi шемiршек бiртiндеп серпiмдi түріне ауысады, кейiн оның өзі кiшi калибрлi ауатамырларда толық жоғалады. Шемiршектің жоқтығынан (қатты қаңқа болмағандықтан) бұлшық ет қабатының жиырылуын кiшi калибрлi ауатамырлар арнасының диаметрi айқындап, өкпенiң ауасүзгiш бөлiмiне ауа түсуiн реттейдi. Бiрталай ауатамыршалар қаңқа болмағандықтан қатты жиырылып, ауа көпiршiктерiне ауа түсуiн шектейдi.