Құс тыныс жүйесi


Құс тыныс жүйесiнің ерекшелiгi сол, ол құстың дем алуында және дем шығаруында газ алмасуы жүре бередi.

Құстар қеңiрдегiнiң қабырғасы - кiлегейлi, талшықты-шемiршектi және адвентиция қабықтарынан тұрады.

Кiлегейлi қабықтың құрамына бокал тәрiздi жасушалары бар бiр қабатты көп реттi тербелмелi эпителий кiредi. Оның меншiктi қабаты борпылдақ қалыптаспаған дәнекер ұлпадан тұрады, онда шырышты кеңiрдектік түтiктi бездерi болады.

Талшықты-шемiршекті қабықты тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпа мен оның қатты негiзiн гиалин шемiршегiнiң сақиналары құрады. Үйрек пен қаздарда бұл шемiршектер сүйек ұлпасына ауысады.

Құстың әр өкпесiнде бiр негiзгi ауатамыр болады. Ағзаның үлпершегiнде ол төрт екiншi ауатамырларға ажырайды, ең соңғысы тағы да тармақталып, өте жiңiшке үшiншi ауатамырларды немесе ауа тамыршаларын құрады. Кейінгіні парабронхылар деп атайды.

Құстың өкпесi (pulmo) парабронхылардан, оларды қоршап жатқан ағза үлпершегiнен тұрады. Оның бөлшектерiне бөлiнгенi жақсы байқалмайды (138 сурет). Тауық парабронхыларының диаметрi 100-150 мкм, қабырғасы айнала қоршайтын бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалары және серпiмдi талшықтардан тұрады. Парабронхылардың iшкi бетi бiр қабатты куб тәрiздi және жайпақ эпителиймен төселген.


Өкпе бөлшектерi ауа қылтамырларынан тұрады, ауаны парабронхыдан қан қылтамырлары мен дәнекер ұлпалар арқылы алады. Олардың құрылысы сүтқоректiлердiң өкпе көпiршiгiндей болады. Айырмашылығы сол, ол құс тыныс алғанда және дем шығарғанда ауа қылтамырларында ауа алмасуы жүре бередi. Ауа қылтамырлары бiр бөлiкшенің деңгейiнде тор құрып, көршi жасуша ауа қылтамырларымен жалғаса алады.

Құс өкпесiнiң ауа қылтамырларының пiшiнi дұрыс емес түтiкшелер тәрізді, диаметрi 2-6 мкм. Оның қабырғасы негiзгi жарғақтан және жайпақ эпителий жасушаларынан тұрады. Ең қалың бөлiгi 0,3-0,5 мкм ядроның жанында болады, шетiндегі жасушалар 20-40 нм-ге дейiн жұқарады, онда тұрақты қосындылар, микробүрлер болмайды. Негiзгi жарғақ құрылымсыз, қалыңдығы 60-100 нм.

Құс тыныс алып, дем шығарғанда өкпесі емес, ауа қапшықшасының көлемi өзгередi. Ауа қапшықшасы өкпеден тыс ауа жолының томпаюынан болады (139 сурет). Оның қабырғасы дәнекер ұлпадан, iшкi жағынан бiр қабатты куб және цилиндр тәрiздi эпителиймен төселген, сыртын сiр қабығы немесе адвентиция жабады. Олар тыныс алуға, ауа қорын жинауға, ұшқанда құсты тең ұстауға, iшкi ағзаларды механикалық жарақаттанудан қорғауға және организмнiң жылу реттеуiне қатысады.