Құс жыныс жүйесi


Еркек құстардың жыныс ағзаларының құрылысы сүтқоректiлерге ұқсас. Олардың айырмашылығы сол, ен өмiр бойы құрсақ қуысында орналасады, қосалқы жыныс бездерi болмайды.

Ұрғашы құс жыныс ағзалары. Ауылшаруашылық құстарының тек сол жақ жыныс ағзалары дамиды.

Жетiлген құстардың жұмыртқалық (153 сурет) құрылысы жүзiмнiң шашақты бiр шоғы тәрiздi болып келеді. Сырты бiр қабатты эпителиймен жабылған, қыртысты және милы заттардан тұрады. Бұл заттардың негiзiн дәнекер ұлпалар стромасы құрады, онда лейкоциттер, плазма, хромаффин жасушалары кездеседi. Қыртысты затта даму жолындағы фолликулалар, кортикальдi интерстициальдi жасушалар орналасады. Онда фолликулалар жұмыртқалық бетiне шығып тұра алады. Ұсақ, орташа фолликулалардағы алғашқы овоциттердi бiр және қос қабатты фолликула жасушалары қоршап жатады. Олардағы дәнекер ұлпадан тұратын қаптама қан тамырларына бай болады.

Фолликулаларда қуыстар болмайды, стромаға бекiтiлген сабақта iлiнiп тұрады.

Жұмыртқа салу кезеңiнде фолликулалар саны 900 асады, арасында олар азайып, мөлшерi тек микроскопта ғана байқалады. Овуляциядан кейiн фолликула эпителийi орнына келген фолликуланың қабырғасына бекидi. Сары тiн түзiлмейдi. Милы зат стромасы қан тамырларына бай болады.

Құстардың ұрық жолында ұрықтану өтедi және үшiншi қабықта: белок, қос қабыршақасты және қабыршақ түзiледi. Ұрық жолы қабырғасының құрылысы әр аумағында өзгерiп отырады. Құстар ұрық жолының шөлмегi, белоктi бөлiмi, қылтасы, жатыры және қынабы болады. Аталған құрылымдар қабырғасы кiлегейлi, бұлшық ет, сiр қабықтардан тұрады.