АВТОР ЖАЙЛЫ


Қазақ әдебиеті кафедрасының профессор м.а., ф.ғ.к. Тоқсамбаева Айман Омарқанқызы, 1963 жыл 29 қаңтарда Семей облысы, Абай ауданы, Саржал селосында дүниеге келген.1985 жылы Семейдің Н. К. Крупская атындағы педагогикалық институтына түсіп, аталған оқу орнын 1990 жылы тәмамдаған. Семей мемлекеттік педагогикалық институтында 1990 жылдан бастап еңбек етіп келеді.

Тоқсамбаева Айман Омарқанқызының жоғары оқу орындарында атқарған ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 25 жылдан асады. Педагог маман ретінде кәсіби өсудің барлық сатысынан өткен. Ол еңбек жолын педагогикалық институттың қарапайым оқытушысынан филология ғылымдарының кандидаты,доцент, профессор м.а. дәрежесіне дейін өсті.

Тоқсамбаева Айман Омарқанқызы 2010-шы жылдың 27 сәуірінен Халықаралық педагогикалық білім ғылым академиясының корреспондент мүшесі (МАНПО).

Семей мемлекеттік педагогикалық институты Ғылыми кеңесінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы шешімімен институтқа сіңірген еңбегі үшін «Зор еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2011жылғы Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

Тоқсамбаева Айман Омарқанқызы 6 оқу құралы, 5оқу әдістемелік құрал, 2монаграфия авторы және 4 оқу құралы,1 монографияға зияткерлік меншік объектісі куәлік йесі.

Айман Омарқанқызы 1993 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта 97 халықаралық және республикалық конференцияларда, семинарларда баяндама жасаған. Барлығы 128 ғылыми жұмысы бар. Олар - 214,3б.т. көлемінде жарық көрді. Оның екеуі – монография, 6 оқу құралы,5- оқу әдістемелік құрал. Мәселен ,«Қазақ әдебиетінің тарихы хандық дәуір»Семей,2007ж.220 б, «М. Мағауин хикаяттарындағы ұлттық характер» Монография. «Интеллект», Семей қ. 2009 ж, «Қазақ әдебиетінің тарихы (Хандық дәуір)»(дәрістер жинағы) 360б,2009ж, «Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті. Оқу құралы» 2012, «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы поэзиясындағы ұлттық болмыс- бітімге әдеби дәстүр әсері» монография 2012ж., «Қазақ әдебиетінің тарихы (дәрістер жинағы)»2013ж. , «Қазіргі қазақ әдебиеті» (1960-2000) Оқу құралы » «Фолиант», Астана қ. 2013ж, 2014 жылы «Жыраулық поэзия және ұлттық рух» оқу құралы,2015 жылы «Фолиант», Астана қ. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» атты еңбектері жарық көрді

«Шәкәрім»,«С.Торайғыров»тұлғалық энциклопедияларының авторларының бірі. «Шәкәрім» энциклопедиясында 35 мақаласы, С.Торайғыров энциклопедиясында 16 мақаласы бар.