КІРІСПЕ


Гистология (histologia), эмбриология (embryologia) және цитология (cytologia) пәнi-адам және жануарлар организмiндегi жасушалар, ұлпалар, ағзалар және ағзалар жүйесiнiң құрылысы, қызметi, дамуы және олардың пайда болуынан физиологиялық өлуiне дейiнгi тiршiлiк әрекетi, iс-тәжiрибе мүддесiне қажет даму бағытына әсер ету мүмкiншiлiгi туралы ғылым.

Гистология, эмбриология, цитологияны зерделеу, тек пәндi зерделеу емес, оның тiлiн бiлудi қажет етедi. Бұл пәндi оқи отырып, организмнiң барлық ағзаларын микроскоп көмегiмен көрiп, олардың атауларын бiлемiз. Бұл тiл ғылым саласында арнайы тiл негiзiн меңгеруге көмектеседi.

Бұрын ғылым әлi жақсы дамымаған кезде гистология, эмбриология және цитология атауларын зерделеп, түсiну көп iзденудi қажет етпедi. Өйткенi, оның негiзiн қалаушылардың уақыты мол болды, көне грек, латын тiлдерiн меңгерiп ала алды. Әр уақытта, ғалымдар қандай да болмасын жаңалық ашып, оған атау берерде осы ескi грек және латын тiлдерiн қарап, келiсiмдi, мағынасын беретiнiн таңдап, жаңа атау берiп отырды. Күндердiң күнiнде бiр зерттеушi микроскоппен зерделеу үшiн организмнен алынған ұлпаның үлгi түрiн даярлауда, әдеттегiдей, көк бояуды қолданады. Бiрақ, ол бояғышты қолданар алдында, оны жылытады. Бұрын көк түске боялатын ұлпаның кейбiр бөлiмшелерi ғана көкке боялып, басқа бөлiктерi қызыл, күлгiн түске боялғанын көредi. Сондықтан ұлпаны басқа түске бояу қабілетi бар бояғышқа атау беру қажеттiгi туады. Ол үшiн ғалымдар грек тiлiн қарап, оны полихромды (грек. поли-көп, хрома-түстiлiк,) бояғыш деп атайды.

Бiз студентке атауларды латын тiлiнде меңгеру жеңiл болып, уақытын үнемдеу үшiн кiтапта жаңа сөздi алғашқы атауда жақшада латын терминiн келтiруге тырыстық.

Микроскоптың көмегiмен зерделеу ұлпалардың жаңа жiктеуiн құруға жеткiзiп, организмде оның төрт негiзгi түрi бары айқын болды. Олардың әр қайсысы бiрнеше тармақтарға таралады. Ұлпалар ұғымын алғашқы рет француз ғалымы Биша Мари Франсуа Ксавье берiп, организм ұлпасының 21 түрiн атап жазды. Бiрақ, ол ұлпаларды жiктеуде дұрыс түсiнiк бермедi және микроскопты қолданбады. Ұлпаларды зерделеу гистология пәнiнiң пайда болуына жеткiздi. «Гистология» атауын Биша емес, ол өлгеннен кейiн 17 жылдан соң немiс ғалымы Карл Мейер бердi. Микроскопты қолданып, зерделейтiн бұл пәннің атауы осы күнге дейiн аталуда.

Микроскопты қолдану арқасында жасуша (cellula) - тiрi зат, ең кiшкене құрылым бiрлiгi екенi, өсiмдiктер мен жануарлар жасушалардан құралғаны, организм бiрнеше ұлпалардан тұратыны айқындалды. Ұлпалар өзгешелiгi жасушалардың айырмашылығына және организмге қажет арнайы қызметтер атқаруына байланысты болады.

Ұлпалардың тұжырымдамасы эмбриологияның дамуында маңызды рөл атқарды. Ұлпалар ұрықтық даму процесiнде пайда болып, ағзалар құрылуына жеткiзетiнi айқындалып, олардың бiрге өсуiн бақылау қиындыққа соқпады. Ұлпалардың тұжырымдамасы дерттанудың дамуына пайдалы әсерiн тигiздi. Мысалы, қатерлi iсiктердің арасындағы өзгешелiктер, ұлпалардың шығу тегi әртүрлiлiгiнен болатыны айқындалды. Ол шығу тегiне қарап, аса қатерлi iсiктер жiктелуiн беруге мүмкiндiк туғызды.

ХХ ғасырдың екiншi жартысында жасушалардың құрылысы, қызметiнiң байланысы туралы iлiм бірталай кеңейдi. Оған электронды микроскоптың жасалуы және гистологтардың оны қолдануы маңызды рөл атқарды. Осының арқасында генетикалық кодтың химиялық негiзi ашылып, радиоактивтi изотоптар әдiсi әзiрлендi.

Жыныс жасушалары арқылы тұқым қуалаудың белгiлерi келешек ұрпаққа бiртiндеп берiлуi, ол қалыпты жағдайда өтiп, жыныс жасушаларының ауытқуы дене ұлпаларына әсер етiп, түрлi ауытқушылық тудыратыны және хромосома құрылысы кең баяндалды. Қан арқылы гормондар тасымалданып, жасуша деңгейiнде тек айқындалуына әсер ететiнi қаралды.

Қазiр иммунды реакцияға жасушалардың бiрнеше түрлерi қатысып, ауру тудырғыш микроорганизмдермен күресуге қатысатыны аян болды.