ЖАЛПЫ ЦИТОЛОГИЯ НЕГIЗI, ЭМБРИОЛОГИЯ, ГИСТОЛОГИЯ


Бөлiмнің басты мақсаты: организм тiршiлiгiнiң әр деңгейiндегi құрылым жүйесi (жасуша, ұлпалық) мәнiн айқындау; философияның диалектикалық материализм тұрғысынан организмнiң жеке даму заңдылықтарын зерттеп бiлу; тiршiлiк әрекеттерiн (заттек алмасу, қуат, ақпарат) басқаруды меңгеру; мал дәрiгерiнің iс-қимылында организм, ағзалар, ұлпалар, жасушалармен электронды микроскопта көрiнетiн элементтердiң күрделi, кешендi зерделеу әдiстерiн қолдану дағдысын, шеберлiгiн игеру.

Гистология, эмбриология, цитология пәнiн бiлуде арнайы терминдер кездеседi. Оқулықта терминдердің халықаралық атауларының түсiнiктемесi (ұғымдары) берiлген.