Цитология, эмбриология, гистология зерттеу әдiстерi. Жалпы мәлiметтер


Пәннiң жасушалар, ұлпалар, ағзалар құрылысын, әрі қызметiн зерделеуге бағытталған кәдiмгi (классикалық) және жаңа (қазiргi) әдiстерi мол, олар түрлi аурулардың клиникалық нақтамасында кең қолданылуда. Сондықтан олардың тек iлiмдiк қана емес, қолданбалы, клиникалық маңызы да аса зор. Қазір цито-, гистохимиялық, иммуноцито-, гистохимиялық, будандастыру, авторадиография, басқа тәсiлдер арқылы ағзалар, ұлпалар мен жасушалардың тiршiлiк әрекеттерiндегi заңдылықтарды ашуда иммунология, биохимия, физика, молекулярлық биология жетiстiктерi пайдаланылды. Электронды микроскопты қолдану әдiстерi жасушадан iрi-молекулаларға дейiн, өте жұқа құрылымдарды анықтау мүмкiндiгiн туғызды.

Бұл тәсiлдермен зерделенетiн зерзаттар (объект), оның бөлшектерi өте ұсақ, көзге көрiнбейдi (1 кесте), препараттарда оларға талдау беруде бiрнеше қиындықтар (1-2 суреттер) кездеседi. Жарық микроскоппен көруде зерзат микрометр (мкм), электронды микроскопта-нанометрмен (нм) өлшенедi.

1 кесте

Пәнде өте жиi қолданылатын өлшем бiрлiгiнiң ара қатысы мынадай:

1 миллиметр (1мм)

= 10-3 м

= 103 мкм

= 106 нм

= 107 Ǻ

1 микрометр (1мкм)

= 10-6 м

= 10-3 мм

= 103 нм

= 104 Ǻ

1 нанометр (1нм)

= 10-9 м

= 10-6 мм

= 10-3 мкм

= 10 Ǻ

1 ангстрем (1 Ǻ)

= 10-10 м

= 10-7 мм

= 10-4 мкм

= 10-1 нм