ЖАЛПЫ ЭМБРИОЛОГИЯ


Эмбриология - (embryologia-ұрық; iлiм) организмнiң ұрықтанғанынан туғанына (тiрi туатындарда); жұмыртқаны жарып шыққанға (жұмыртқадан тұқым өрбiтушiлер); түр өзгерiстерi бiткенге (балапанқұрт сатысы) дейiнгi жеке дамуы туралы iлiм. Ол жалпы және жеке (арнайы) болып бөлiнедi.

Жалпы эмбриология қалыпты ұрық даму кезеңдерiн, заңдылығын, тәжiрибеге қажет дерттану себептерiн, аталық және аналық жасушалары дамуын, ұрықтану процесiн, ұрық алды кезеңiн-прогенездi зерделейдi.

Арнайы эмбриология ағзаларды, оларды түзетiн жүйелердiң дамуын, сүтқоректiлер ұрық дамуының соңғы кезеңiн, туу әрекетiн және алғашқы аптадағы постнаталдық тiршiлiктi зерттейдi.