Эпителий ұлпалары. Эпителийлердiң жалпы сипаттамасы


Эпителий ұлпалары немесе эпителий (epithelium, грек. «ерi»-үстiңгi, беткi; «tеli»-емiзiк)-шекаралық ұлпа, организм мен сыртқы орта шекарасында орналасады, дене бетiн жауып, оның қуыстарын, iшкi ағзалардың кiлегейлi қабығын төсеп, көптеген бездердi құрады.

Эпителийдiң үш: жабынды (түрлi төсенiштер құрады), бездi (epithelium glandulare, без түзедi) және сезгiш (сенсорлы, қабылдағыш қызметтердi орындайды, сезiм ағзаларының құрамына кiредi) түрлерiн ажыратады. Олар мына қызметтердi атқарады: шек қою, тосқауыл - бұл эпителийдiң негiзгi қызметi. Сыртқы және iшкi орта арасында тосқауыл түзедi, әр эпителийдiң механикалық берiктiгiн, оның қалыңдығы, өткiзгiштiгi және басқа да құрылым, қызмет ерекшелiктерiн айқындайды. Бұған екi iшкi орта эпителийi: дене қуысын төсейтiн-мезотелий, тамырларды төсейтiн-эндотелий қатыспайды; қорғаныш - эпителий организмнiң iшкi ортасын механикалық, физикалық (дене қызуы, сәулет), химиялық, микробтық факторлардың бүлдiру әсерiнен қорғауды қамтамасыз етедi. Қорғаныштық қызмет әртүрлi көрiне алады (эпителий қалың қыртыс құра алады, сыртқы аз өткiзгiштi, физикалық және химиялық әсерлерге төзiмдi мүйiздi қабат құрады, сiлемейдiң қорғаныш қабатына секрет бөлдiредi, микробқа қарсы әсер ететiн заттарды өндiредi); тасылым - эпителийдің қыртысы арқылы заттарды тасымалдай алады (қаннан ұсақ тамырлар эндотелийi арқылы басқа ұлпаларға) немесе ол эпителий бетi арқылы жүредi (тыныс алу жолындағы кiрпiкшелi эпителий сiлемейдi, ұрық жолындағы бұл эпителий овоциттi тасымалдауы жатады); сiңiру - көптеген эпителийлер заттарды қарқынды сiңiре алады. Оған iшек, бүйрек өзекшелерiндегi эпителийлер мысал бола алады; сөл бөлу - эпителий бездердi түзетiндiктен, мұнда айтарлықтай сөл бөлiнедi; сыртқа қажетсiз заттарды шығару - эпителий организмнен (зәр, тер және өт арқылы) зат алмасуының соңғы өнiмдерiн, организмге енгiзген қосындыларды (дәрiлердi) шығаруға қатынасады; сенсорлы (қабылдағыш)-эпителий организмнiң iшкi және сыртқы орта шекарасында орналасып хабарларды (дабылды, механикалық, химиялық) қабылдайды.

Эпителийлер құрылымындағы ерекшелiктерге мыналар жатады:

-барлық эпителий ұлпалары тек жасушадан-эпителиоциттерден тұрады. Жасуша аралық заттегі өте аз, жасуша аралық кеңiстiгi тар болады;

-эпителиоциттер бiр-бiрiмен тығыз жанасып, қабаттар құрады, арнайы жасуша аралық байланыстармен байланады;

-эпителийлер организмдi сыртқы және iшкi орталардан бөлiп тұратындықтан шекарада орналасады;

-эпителий төменгi дәнекер ұлпадан негiзгi жарғақшамен бөлiнедi. Ол екi ұлпадан түзiледi. Негiзгi жарғақша арқылы эпителийдiң қоректенуi қамтамасыз етiледi. Бауырдың эпителий жасушаларында негiзгi жарғақша болмайды. Препаратты жарық микроскоппен қарағанда бұл жарғақша құрылымсыз жолақ тәрiздi, гематоксилин-эозинмен боялмайды, күмiстің тұздары оны айқындай алады. Электронды микроскоп негiзгi жарғақшада үш қабат: ақшыл тақташа (жарғақша), тығыз тақташа, торлы тақташа барын анықтады. Негiзгi жарғақша эпителийдiң қалыпты үйлесуiн, жетiлуiн және полюстенуiн қолдайды;

-эпителийдi төмен орналасқан дәнекер ұлпамен тығыз байланысуын қамтамасыз етедi;

-эпителийге түсетiн қоректiк заттарды таңдап сүзедi;

-эпителийдің өсуiн, қозғалысын реттеп, қамтамасыз етедi;

iр қабатты, қан қылтамырларымен байланыстағы эпителиоциттер құрылым қарама-қарсылығына орай, бос, сыртқы ортаға бағытталған бетi-төбелiк (апикальный), оның төмен орналасқан дәнекер ұлпаға қараған бетi -негiздiк (базальный) полюс деп аталады. Төбелiк полюсте микробүрлер, кiрпiкшелер түзiндi материалдары болып, тығыз, аралық байланыстарды құруға қатысады. Негiздiк полюсте тұрақты қосындылар, гормондар, өсу факторларының қабылдағыштары, иондар және амин қышқылдарының тасылым жүйелерi болады. Қызметтiк қарама-қарсылықта төбелiк полюсте сiңiру, кiрпiкшелер қозғалысы байқалса, негiздiк полюсте заттардың түзiлуi жүредi;

пителийлердiң қалпына келу қабілетi, әсiресе жабын эпителийлерінде, жақсы көрiнедi. Себебi, оның құрамында бағаналық (эпидермис, түтiкше, қуысты ағзалар кiлегейлi қабығындағы эпителийлер, мезотелий), түзушi ұлпа (камбий) және жетiлу жасушалары болады;

пителийде (шемiршек, қан тамырларының ортаңғы, iшкi қабықтары, эпителий қабаттарында) қан тамырлары болмайды. Эпителийдің қоректенуi дәнекер ұлпа тамырларынан алынған заттардың диффузия жолымен негiзгi жарғақша арқылы өтуiмен iске асады;

-эпителиоциттер организмнiң сыртқы және iшкi орта шекарасында, әрi iшкi ортада бiрлесiп, тығыз қабаттар (эпидермис, терi, iшек эпителийлерiнің кiлегейлi қабығы, мезотелий), арқау (бауыр паренхимасы), аралшық (ұйқы безiнiң Лангерханс аралшығы), фолликула (қалқанша безi), түтiкше (тер безi, нефрон өзекшесi), тор тәрiздi (айырша бездiң сүйенiш қаңқасы тор тәрiздi эпителиоциттерден тұрады) құрылым құра алады.

Жасуша аралық байланыс екi түрге бөлiнедi: механикалық - эпителиоциттер бір-бірімен механикалық байланыс түзедi. Бұл түрге тығыз, аралық байланыстар, интердигитацийлер және десмосомалар кiредi; қатынастық (коммуникациялық) байланыс-эпителиоциттер арасындағы химиялық (зат алмасу, иондық, электрлiк) байланыстарды қамтамасыз етедi. Оларға саңылаулы байланыс жатады.