ЭНДОКРИНДI БЕЗДЕР. Жалпы түсiнiк


Өнiмдерiн (гормондарды) тiкелей қанға бөлетiн бездердi iшкi секреция немесе эндокриндi (glandulae endocrinae) деп атайды.

Гормондар (hormao)-аса жоғары биологиялық белсендi заттардың, әртүрлi ұлпалар жасушаларының (нысана-жасуша) өсуiн, әрекетiн реттейдi. Себебi, кейiнгiлерде арнайы гормон қабылдағыштары болады.

Эндокриндi реттеу белгiлi реттелу әсерлерiнiң (92 сурет) бiрi болады да, мыналарды: өзi бөлетiн (аутокриндi-бiр түрлi жасушалар деңгейiнде); жұп бөлiнетiн (паракриндi-бiр түрлi жасушалар өнiмiнiң екiншi жасушаға әсерi); iшкi ортаға бөлiнетiн (эндокриндi-гормондардың қан ағысымен жүрiп, реттеуi); жүйкелi (нейрондар өсiндiлерiнiң нысана-ағзаға беретiн әсерi); нейроэндокриндi (эндокриндi және жүйке белгiлерiнің үйлесуi) бөледi. Бұл әсерлердiң алғашқы екеуi-жергiлiктi, кейiнгi үшеуi-ара қашықтықтан iске асады.

Эндокриндi бездердің құрылысы әртүрлi: бiр жасушалы (эндокриндi жүйенiң араласу элементтерi), ұсақ тығыз жасушалардың шоғыры (ұйқы безi аралшығы) түрiнде, iрi ағзалық құрылым (қалқанша, қалқаншамаңы бездерi, эпифиз, гипофиз, бүйрекүстi безi) ретiнде болады. Кейбiр бездер (гипофиз, бүйрекүстi безi) әртүрлi ұрық жапырақшаларынан дамитын ұлпалардан құралғандықтан, төменгi сатыдағы омыртқалыларда жеке-жеке орналасады. Басқалары-Лангерганс аралшығы, iшек және жыныс бездерiнің эндокриндi элементтерi эндокриндi емес ағзаларға жатады. Мезгiл-мезгiл пайда болып, жойылып кететiн эндокриндi ағзалар да (сары денешiк, жұмыртқалық фолликула лар) болады.

Ағзалық құрылымы бар эндокриндi бездер әдетте тығыз дәнекер ұлпадан тұратын қапшықпен жаб ылады, одан ағза iшiне борпылдақ дәнекер ұлпадан тұратын, тамырлар мен жүйкелер қоса жүретiн, жұқа перделiктер өтедi. Көптеген эндокриндi без жасушалары желi құрып, қылтамырларға тығыз жанасады, сондықтан гормондардың қан ағымына түсуi қамтамасыз етiледi. Қылтамырлар өте қалың тор құрады, құрылыс өткiзгiштiгi жоғары-фенестрлi, қуысы кең синусоидты болады. Гормондар тiкелей қанға өтетiндiктен безде шығару өзектерi болмайды.

Эндокриндi бездердің жасушалары жоғары өнiм бөлуiмен, әрі шығару белсендiлiгi және түзiлу (синтез) аппараты жақсы дамуымен сипатталады. Құрылысы өндiрiлетiн гормондардың химиялық қасиетiне өте байланысты болады. Пептидтi гормондар құрылатын жасушаларда түйiршiктi эндо - плазмалық тор, Гольджи аппараты, ал стероид гормондарын түзетiндерде -түйiршiксiз эндоплазмалық тор және митохондрийлер күштi дамиды. Без жасушаларының бiр мезгiлде бiрнеше гормон өндiре алатын қабылеттiлiгi дәлелденiп, ол бұрынғы тұжырылымданған «бiр жасуша - бiр гормон» қағидасын жоққа шығарды. Полипептидтi гормондар өте жиі iрi құрушы-молекулалар түрiнде түзiлiп, кейiн жасуша iшiндегi ферменттiк өңдеуге ұшырап, белсендi гормондарды бөледi.

Гормондардың жиналуы, әдетте жасушалар iшiнде түзiндi түйiршiктер ретiнде жүредi; нейрогормондар аксондар iшiнде үлкен мөлшерде жиналып, кейбiр бөлiмдерiн күрт созады. Гормондардың жасушадан тыс жиналуы қалқанша без фолликулаларында байқалады.

Жасушалары гормон өндiретiн ұлпалар эндокриндi бездердің басты қызмет атқаратын ұлпасы болып саналады. Ондай қабілет организмдегi барлық ұлпаларда байқалады.

Эпителий - эндокриндi бездер (қалқанша, қалқаншамаңы без, гипофиздiң алдыңғы, аралық бөлiктерi, бүйрекүстi безiнiң қыртысты заты, жұмыртқалық фолликулалар жасушалары) қызметiнiң жетекшi ұлпасы.

Дәнекер ұлпалардан жыныс безiнiң (жұмыртқалықтағы фолликул қаптамасының iшкi қабатындағы жасушалар және Лейдиг жасушалары) эндокриндi бөлiктерi пайда болады.

Жүйке ұлпасынан гипоталамус, эпифиз, нейрогипофиз, бүйрекүстi безi милы затындағы эндокриндi жасушалар қалыптасады.

Бұлшық ет ұлпасына бүйрек шумақшасындағы қызылтамыршаның ортаңғы қабығындағы юкстагломерулалық жасушалар және түзiндi бөлетiн кардиомиоциттер жатады.

Эндокриндi жүйе құрылымының жалпы заңдылықтарына сай, оған сатылы қағида және керi қатынас жүйесiнiң бары кiредi.

Сатылы қағида эндокриндi жүйенiң бiрнеше құрылым деңгейi барын көрсетедi. Төменгiсiне гормондар өндiрiп, организмнiң әртүрлi ұлпаларына әсер ететiн (атқарушы ағзалық, шеткiлiк) бездер жатады. Бұл бездердiң әрекетi гипофиздiң алдыңғы бөлiгiнiң ерекше гормондарымен реттеледi (бұл екiншi аса жоғары деңгей). Өз кезегiнде гормондардың бөлiнуi гипоталамустағы арнайы нейрогормондармен бақыланады. Ол эндокриндi жүйе құрылым сатысының ең жоғарғы деңгейiндегi орынға ие болады.

Сатылы қағидаға байланысты шеткi бездер әрекетiнің бұзылуы бездегi өзгерiстерге, тиiстi гипофиз немесе гипоталамус себепшарттар бөлiнуiнен болуы мүмкiн. Бұзылу деңгейiн тауып, бiлудiң клиникалық маңызы аса зор болып саналады.

Керi қатынас жүйесi эндокриндi жүйеге қажет деңгей белсiндiлiгiн қамтамасыз етедi. Шеткi бездерде гормондардың өндiрiлуi күшейсе, тиiстi гипофиз гормондары мен гипоталамус себепшарттары бөлiнуi тежеледi, ол әлсiресе-онда кейiнгiлерде бөлiну ынталанады.

Эндокриндi жүйе басқа реттелу, әсiресе иммунды, жүйке жүйелерiмен өзара iс-қимыл жасайды. Жүйкелену арқасында эндокриндi бездер жүйке жүйесiнiң бақылауында болып, әрекеттерiне гормондар әсерiн тигiзедi. Жүйке және эндокриндi жүйелердегi өзара байланысты, эндокриндi жүйе орталық ағзасы, организмнiң басқа жүйелер әрекетiндегi қызметтердi бiрiктiрушi-гипоталамустың өзi орталық жүйке жүйесi бөлiгi екенiнен-ақ көруге болады.