ТЕРI - ЖАБЫН


Терi - жабын эпидермисi - эктодермадан, ал нағыз терi - мезенхимадан дамиды.

Құс пен сүтқоректiлер ұрығының эпидермисi басында бiр қабатты жасушалардан тұрады. Тауық ұрығында ол төмен жатқан дәнекер ұлпамен өзара iс-қимыл жасап, нақтыланып, дамудың 7-күнiнде қос қабатты, 17-күнiнде көп қабатты болады.

Сыртқы ортамен тiкелей байланысып, терi - жабыны, оның туындылары организм жүйесiнің бiрi бола тұрып, өзiнiң көптеген әсерiн бейнелеп, құрылысы, атқаратын қызметi алуан түрлiлiгiн көрсетедi.

Сүтқоректiлердің терi - жабыны мына қызметтердi орындайды: сыртқы ортадан жекеленiп, жартылай оқшауланады - терi көптеген заттарды өткiзбейдi, бiрақ ол абсолюттi емес. Терi арқылы организмге кейбiр дәрiлердi енгiзу клиникалық ветеринария мен медицина салаларында болашағы зор бағыт болып есептеледi; организмдi әртүрлi механикалық әсерлерден, көптеген физикалық факторлардың (төменгi және жоғарғы қызу шамасы; ультракөк сәулендiруi) зиянды ықпалынан қорғайды - механикалық әсерлерден сүтқоректiлердi - шаш (түк), құсты - қауырсын, бауырымен жорғалаушыларды - хитин, қос мекендiлердi - кiлегей қорғап, күшейтедi; Терi - иммунологиялық қорғаныш ағза. Ол организмге мейлiнше ұсақ организмдердiң және паразиттердiң өтуiне бөгет жасайды; Қызу шаманы реттеуге қатысады. 80%, одан да көп жылу шығыны терi арқылы жүредi. Қоршаған ортаның қызу шамасы организм қызу шамасынан төмен болса, реттелу терiдегi қан айналымының өзгеруi салдарынан iске асып, ол жоғары болса, реттелу терлеудің қарқыны өзгерiсiне және жоғары орналасқан қан тамырлары кеңеюiне байланысты жүредi; терi - сезiм ағзасы, құрамында көптеген механо-, жылу (термо)-, хемо- және ауырсыну (ноцицепторлар) қабылдағыштары болады. Олар қоршаған ортадан организмге хабарлар ағынын жеткiзедi; организмде су-тұз тепе-теңдiгiн реттейдi - ол негiзiнен терлеу арқылы жүредi. Себебi, термен организмнен кейбiр заттар-хлоридтер, заттек алмасуының азоттық қалдық өнiмдерi, басқалар шығады; терiнiң синтездеу қызметi - күн сәулесi әсерiнен 7-дегидрохолестеролдан Д3 витаминi түзiлiп, бұл витамин қалыпты тұз алмасуының басты факторы есептелiнедi. Ол организмде жетiспесе, онда сүйек түзiлуi бұзылады; тыныс алуға қатысады - организмде газ алмасуының 2% терi арқылы iске асады, қос мекендiлерде - оның маңызы өте зор; терi - қан қоры - мұнда тамырлар (көктамыр) өрiмi, тамыр-қылтамырлар торы жақсы дамыған. Қылтамырлар торында қызыл, көктамырлар жалғамаларының саны айтарлықтай болады; әртүрлi жынысты және түрлi жануарлардың мiнез-құлық реакциясын реттейдi - терi бездерi терi-жабыны бетiне арнайы құрылымдар (түзiндер) бөледi, терi түсiн өзгертедi, терi бұлшық етiнің жиырылуы жүредi.

Терi-жабыны құрамына: терi, оның туындылары (тер, май, сүт бездерi; шаш (түк); тұяқ; мүйiз; тырнақ; құстарда - айдар, сырғалақ, қауырсын кiредi.