АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСI (SYSTEMA DIGESTORIUM) Жалпы түсiнiк


Жануарлар даяр органикалық заттармен қоректенетiн (гетеротрофты) организмдерге жатады. Сондықтан олар қалыпты дамып, өсiп, көбею үшiн азықпен бiрге ауыспайтын заттарда алуы керек.

Бейорганикалық заттармен қоректенетiн (автотрофты) организмдер тiршiлiкке қатысты түзілу (синтездiк) процестерi арқылы өмiр сүредi.

Ас қорыту жолы - кiлегейлi қабықпен жабылған екi жағы бірдей ашық бұлшық еттi түтiкше; қабырғасында, одан тыс бездер орналасады; бездерінің шығарушы өзектерi түтiкше арнасына ашылады, меншiктi жүйке аппараты, эндокриндi жасушалар жүйесi болады.

Ас қорыту түтiкшесiн үш: алдыңғы (ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш), ортаңғы (қарын, ащы iшек, iрi ас қорыту бездерi-бауыр, ұйқы безi), артқы (тоқ iшек, әсiресе тiк iшектiң қысқа артқы жағы) бөлiмдерге бөледi, оның арнасы-сыртқы орта болып келедi.

Ас қорыту жолы мына қызметтердi атқарады: ас қорытқыш - азықты механикалық, химиялық өңдеуден өткiзiп, ол үшiн азықты терiп, ұнтақтап, дымқылдатып, ас қорыту жолы қабырғасында сiңiрiлуi үшiн қарапайым заттарға айналдырады; қоректi заттардың, судың меншiктi сiңiрiлуi жүредi; қорытылмаған заттарды несеп және нәжiс ретiнде шығарады; бөлiндi бөлу - зиянды заттарды ас қорыту жолының қабырғасы арқылы шығарады (бүйрек кемiстiгiнде ол күшейедi); иммунды - келешекте иммунды реакция дамыту үшiн ас қорыту жолындағы тегiжаттарды ұстайды, әсерiне қарсы тұрады, тасымалдайды; эндокриндi - жергiлiктi, жүйелi тиiмдiлiкке ие гормондарды өндiредi.

Түтiкше қабырғасы үш қабықтан: iшкi-кiлегейлi, ортаңғы-бұлшық еттi, сыртқы-сiр (ағза кеуде, құрсақ қуысында жатса) немесе адвентициядан (ағза кеуде, құрсақ қуыстарынан тыс орналасса) құралады (107 сурет).

Кiлегейлi қабық (tunica mucosa) мына қабаттардан тұрады: эпителий - организмнiң сыртқы және iшкi орта шекарасында талғамды өткiзгiштiк тосқауылды құрады. Қоректi заттардың қорытылуын, сiңiрiлуiн қамтамасыз етедi, түтiкшедегi азықтың жылжуын жеңiлдететiн, өзiн-өзi қорытуынан, микроорганизмдерден қорғайтын сiлемей түзедi. Құрамындағы эндокриндi жасушалар ас қорыту жолының қимылына, бездерi белсендiлiгiне әсер ететiн гормондар өндiредi. Түтiкшенiң әр бөлiмiнде атқаратын қызметiне, тип түрiне байланысты көп қабатты жайпақ (терi типтес), бiр қабатты призма тәрiздi (iшек типтес) эпителийi, тегiжаттары (дендриттi тегiжат есептелiнетiн жасушалар, дәм ағзаларын құратын көптеген жүйке ұштары, жасушалары), оларды тасымалдайтын арнайы бөлiмшелерi болады. Эпителий бетiне без секреттерi бөлiнiп шығады, олардың соңғы бөлiмдерi меншiктi тақташада, кiлегейасты негiзде, ас қорыту жолынан тыс орналасады;

меншiктi тақташа (lamina propria mucosae) - эпителийдің астында орналасып, борпылдақ талшықты дәнекер ұлпадан құралған, қан, лимфа тамырлары (сiңiрiлетiн жерде жақсы дамиды), жүйке талшықтары және лимфоидтi ұлпасы болады. Өңеш пен қарын меншiктi тақташаларында қарапайым без, тоқ пен ащы iшекте және бадамшаларда-эпителий ойысы–кiрмелер (iшек бездерi) жатады. Ол эпителиймен жабылған iлгерi шығарым-бүртiктер (ауыз қуысында), бүрлер (ащы iшекте) құрады;


бұлшық еттi тақташа (lamina muscularis mucosae) - меншiктi тақташамен кiлегейасты негiзi арасында жатады, әдетте бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалары екi-iшкi айнала, сыртқы ұзына бойына орналасқан қабаттардан құралады. Бұл қабаттар жиырылып, кiлегей қабығы бедерiнiң өзгеруiне мүмкiндiк туғызады;

кiлегейасты негiз (tela submucosa) - борпылдақ талшықты дәнекер ұлпадан құралған, iрi қан тамырларын, қан, лимфа тамырлары өрiмдерiн, кiлегейасты жүйке өрiмiн (Мейснер), лимфоидтi ұлпа, бездердің соңғы бөлiмдерiн (өңеште, ұлтабарда) сақтайды. Ол кiлегей қабығы қозғалысын қамтамасыз етiп, қатпарлар құрады.

Бұлшық еттi қабық (tunica muscularis), әдетте, екi-сыртқы ұзына бойына (stratum longitudinale), iшкi айнала орналасқан (stratum circulare) қабаттардан құралады, арасынан дәнекер ұлпаның жұқа қабаты өтедi. Ол тамыр өрiмiн, бұлшық аралық жүйке өрiмiн (Ауэрбах) сақтайды. Ас қорыту жолының негiзгi бойы бiрыңғай салалы, алдыңғы бөлiмнiң (ауыз қуысы, жұтқыншақ, жартылай өңеш), аналь өзегi аймағында-көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан құралған. Бұлшық еттің жиырылуы жүйке өрiмiмен үйлестiрiледi, жергiлiктi гормондар әсерiмен реттелiп, ас қорыту жолы iшiндегiнiң араласуын, жылжуын қамтамасыз етедi.

Сыртқы қабық сiр (tunica serosa) немесе адвентициядан (adventitia) тұрады. Егер ас қорыту жолы iшперде қуысына қараса, онда сыртқы қабық -сiр, бүркенiш iшперде болып, ас қорыту жолы ағзаларының көп бөлiгiн жабады, iшперде қуысында өзара еркiн ауысуын қамтамасыз етедi. Ол бiр қабатты жайпақ эпителий–мезотелиймен (mesothelium) жабылған дәнекер ұлпа қабатынан тұрады. Мезотелийдің бұзылуы көршi ағзалар сiр қабығында жататын дәнекер ұлпаның жабысқағын - жергiлiктi жабысуын құруға жеткiзедi. Адвентициялық қабық ас қорыту жолын қоршаған ағзалармен қозғалмай бекіп, байланысқан бөлiмшелерiн жауып жатады. Ол борпылдақ талшықты дәнекер ұлпадан құралған.