ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСI


Сыртқа шығару жүйесi зәр түзетiн жұп-бүйректен, шығарушы жолдар-зәрағарлардан, дара-қуық, несеп шығару өзегiнен, несеп-жыныс қойнауы (ұрғашы малда) немесе несеп-жыныс өзегiнен (еркек малда) тұрады. Олар несеп арқылы организмнен зат алмасуының ақырғы өнiмдерiн, артық су, тұз, органикалық қосылыстар мен бөгде заттарды және бiрқатар ферменттерді, гормондарды, витаминдерді бөлiп шығарады, организмнiң су, тұз, қан, ионы құрамын, осмостық қысым тұрақтылығын реттейдi. Заттек алмасуы кезiнде пайда болған өнiм жартылай терi, кiлегейлi қабықтар, олармен байланысты бездер арқылы да шығады.

Ұрықтық даму кезеңiнде жүйелi мына бөлiну ағзалары: бастама бүйрек (рrоnерhrоs), тұлғалық немесе аралық бүйрек (mеsоnерhrоs), ақтық бүйрек (mеtаnерhrоs) құрылады.

Бастама бүйрек мезодерманың 8-10 алдыңғы жақтағы сегменттерiнің аяқшаларынан қалыптасады. Олар целома қуысымен байланысын үзбей, сомиттерден бөлiнедi. Бiр-бiрiмен жүйелi қосылып, Вольфов өзекшесiн құрады (140 сурет, I).


Аралық бүйрек келесi тұлғалық сегменттер аяқтарынан құрылады. Олардың арқа жақтағы ұштары вольфов өзекшесiне өтедi. Оның ерекшелiгiн өзекшелерiнiң қызыл тамыршалар торымен тығыз байланысуынан көруге болады. Қылтамырлар шоғырын қаптап өсiп, зәр өзегiнiң қабырғасы қос қабатты қабық құрады. Ол өз қуысына қан плазмасынан сүзiлген өнiмдердi қабылдайды. Қылтамырлардың шоғыры мен бұл қабық қосылып бүйрек денешiгiн құрады. Бүйректер жануарлар дамуының ұрықтық кезеңiнде бөлу ағзасының қызметiн орындайды (140 сурет, II).

Ақтық бүйрек кейiн өскiнденгенiмен ұрықтық дамудың 2-i жартысында қызметiн атқара бастайды (140 сурет, III). Қой ұрығының ақтық бүйрек бастамасы дамудың 23 тәулiгiне келедi. Ол 25 тәулiкте екi қабатқа бөлiнiп, зәр түзушi бөлiгi немесе-нефрондар, мезодермадағы нефротом нефротектi ұлпасынан, ал зәрағар, бүйрек түбекшесi, тостақаншасы, емiзiк өзегi және жинағыш түтiкшелер-аралық бүйрек өзекшелерiнен дамып, жетiледi.