Кіріспе


Халық шаруашылығы барлық аумағы үшін ауыл шаруашылығы мамандарын дайындау сатысын жоғарлату мақсатында оқу үрдісін техникалық заттарды жиі қолдану жаңа әдістер мен оқу формасын, студеттердің ғылыми – зерттеу жұмысын белсенді түрде, енгізу қажет.

Зертханалық – тәжірибелік сабақтарда уақыттың көп бөлігі студеттердің шығармашылық, өздік жұмыстарына сонымен қоса, зерттеу жұмыстарына арнаулы тиіс.

Саланың дамуына қарай ірі ұйымдастырылған шаруашылықтық және техника - экономикалық шаралардың, пайда болуы, өндірістегі аймақ өнідуге кететін шығынды бір уақытта азайту үшін мал басын көбейту мен өніммін жоғарлату мамандардың осы саладағы жетік білімділігін талап етеді, яғни қой малын өсіру, азықтандыру, күтіп – бағу, олардың биологиялық ерекшелігі, өнімділігі, жүн, ет, елтірі және тонды өндіру. Сондықтан курсты оқу барысында осы сұрақтарға көп назар аударылуы тиіс.

Қой шаруашылығы практикумы пәнді тәжірибе жүзінде меңгеруге бағытталған. Студент қой және ешкі шаруашылығында өндірістін өнім сапасының халықаралық рыноктағы талаптарын, әр түрлі бағыттағы жоғары өнімді, қой тұқымдарының, биологиялық және өнімділік ерекшеліктерін, жаңа тұқым шығару және бар тұқымдарды жетілдіру әдістерін, қой малын өсіру, күтіп-бағу және азықтандыру әдістері мен ғылыми- негізделген технологияларды кешенді түрде оқып үйренеді. Бұл –студенттің логикалық ойлау қабілетін дамытуға тәжірибелік жетістіктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Әрбір тақырып басында сабақ мақсаты, теориялық қысқаша сипаттама, тапсырма және бақылау сұрақтары берілген. Тапсырма құрылымды студенттің өзіндік жұмыс жасауына және күрделі сұрақтары туған жағдайда ғана оқытушыдан кеңес алуға болады. Оқытушы жіберліген қажет түзету мен жекелеме кеңес беру қызметін атқарады және жинаған тәжірибесі бойынша тақырыпты өзі таңдап, таңдалған тақырыпқа сағат санын анықтайды.