Қой тұқымдары. Қой тұқымдарының жіктелуі


Сабақ мақсаты. Дәріс және әдебиеттерді пайдалана отырып, негізгі қой тұқымдарына мінездеме беру және сипаттау.

Қой тұқымдары нақты міндетке байланысты екі түрлі жүйенің біреуіне ғана : зоологиялық немесе өндірістік болып жіктеледі.

Зоологиялық жіктелу бойынша басқа ауылшаруашылық малдары сияқты бас қаңқасының әр түрлі белгілері бойынша емес, құйрық пішіні мен ұзындығы бойынша құрылған. Бұл жіктелу бас қаңқасынан қарағанда көп дәрежеде құйрық пішіні мен көлеміне байланысты қой топтары арасында биологиялық ерекшеліктері кеш енінен көрініс тапты. Құйрық ұзындығы осы жіктелуге сәйкес абсолютті көлеміне байланысты 5 топқа: қысқа құйыршықты, ұзын құйрышықты, құйыршықты, май құйыршықты және африкандық иректелген деп бөлуді ұсынды. Кейінен бұл жіктелу Г. Натузиус, Н.П. Чарвинский, М.Ф. Ивановтардың енгізген өзгерістері мен толықтырулары мен бекітілді.

Нақтырақ айтқанда зоологиялық жіктелу бойынша барлық қой тұқымдары құйыршық пішіні мен ұзындығына байланысты: қысқа майсыз құйыршықты , ұзын масызқұйыршықты, қысқа май құйыршықты, ұзын майқұйыршықты және құйрықты деп бес топқа бөлінеді.

АҚШ-та (Оңтүстік Дакота штаты) бұл жіктеуге жатпайтын құыршықсыз қой тұқымы шығарылған. Сондықтан, осы жіктелуге алтыншы топқа қйыршықсыз қойларды қосуды талап етеді. (кесте 2.1).

2.1 кесте. Қойлардың зоологиялық жіктелуі

Қой топтары Құйыршық пішіні мен ұзындығы Аталас топқа жататын тұқымдар және тұқымдық қой топтары
1 2 3
Қысқа майсыз құйыршықты Құйыршығы қысқа, құйыршықтың ұшы тілерсекке жітпейді. Омыртқа саны 10-12. Сырт көзге мал жиналуы байқалмайды. Роман, солтүстік қысқа құйрықты
Ұзын майсыз құйыршықты Құйыршығы ұзын, тілерсектен төмен түскен, жіңішке, май жиналуы байқалмадйы. Омыртқа саны 22-24. Барлық биязы жүнді қой тұқымдары, тез жетілетін етті (ағылшын) қой тұқымдары
Қысқа май құйыршықты Құйыршығы қысқа, тілерсекке ұзындығы табиғи жағдайда жетпейді. Құйршық түбінде май жиналуы кішкене жастықша тәрізді. Омыртқа саны 10-12. Бурят, Тувин, Абасси.
Ұзын май құйыршықты Құйыршығы ұзын, май жиналуы жақсы көрінеді. Табиғи жағдайда ұзындығы кейде тілерсекке жетпейді, көбінесе осы қалпын сақтайды немесе одан біраз төмен болады. Май жиналуы дөңгелек тәрізді (жастықша, кейде екі жастықша) немесе қысыңқы клин тәрізді пішінде болады. Құйыршықтың төменгі жағына май жиналмайды, тік немесе иілген, көбінесе S әрпі тәрізді. Мысалы, қаракөл қой тұқымы. Омыртқа саны 22-24. Қаракөл, Кучугуров
Құйрықты Құйыршық түбінде жастық тәрізді май жиналған. Ол тілерсекке қарай бағытталған, салбыраңқы болып келетін –құйрық. Құйыршығы өте қысқа және дұрыс жетілмеген, құйрықпен жабылған, құйыршығы көрінбеді. Құйыршық омыртқасының саны 5-6. Еділбай, гиссар қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы, сарыарқа, қазақтың құйрықты ұяң жүнді қойы, биязылау кросбредті етті- жүнді дегерес тұқымы, елтірі - құйрықты атырау тұқымы, жайдары, Алай, Сараджа.
Құйыршықсыз Құйыршығы жоқ. Бұл қой тобы оңтүстік дакота штатында (АҚШ-та) өсіріледі.

Құйыршықтағы май жиналу көлемі мен ұзындғы пішіні зор ұқсастыққа ие. Сондықтан бұл жіктелу бойынша әр түрлі будандарды ажырату сәтті бола бермейді.

Алайда, зоологиялық жіктелуді ғылыми- маңызы зор, ол арқылы әр түрлі тұқымдар арасындағы айырмашылықты немесе биологиялық ұқсастық дәрежесін талқылауға мүмкіндік туғызады. Ал бұл тұқымды тәжірибиеде аудандастыру мен будандастыру үшін сұрыптауға қажет. Бірақ зоологиялық топтардың көбісі, өнімділік бағыты бойынша , әр түрлі болып келеді де, біразы ғана нақты сипат алады. Мәселен, ұзын майсыз құйыршықты қой тобына; биязы жүнді, етті және елтірілі, әр түрлі қылшық жүнді қой, тұқымдары кіреді. Сондықтан, өндірістік мақсатта, жалғыз зоологиялық жіктелу жеткіліксіз болғандықтан оны өндірістік (шаруашылық) жіктелу толықтырады.

М.Ф.Иванов ұсынған өндірістік жіктелу қой малдарының өнімділік бағытын сипаттайды. Бұл жіктелу өндіріс үшін неғұрлым тиімді, бірақ ол біраз шарттардан тұрады. Өйткені бірдей қой тұқымдары кейде әр түрлі аудандарда әр түрлі мақсаттарда өсіреді. Мысалы, цигай қой тұқымы Балқан елді мекенінде, сүті – етті мал ретінде пайдаланады. Цигай қой тұқымының сүт өнімділігі бұл жерде халықты тамақпен қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Алайда, көптеген тұқымдардың негізгі өнімділік бағыты нақты көрініс табады. Сондықтан өндірістік жіктелу қазіргі уақытта сәтті қолданылуда. Және қой шаруашылығында жаңа тұқым шығару мен қолда, бар тұқымдарды дамыту оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар сәйкес келеді.

Қазақстанда 20-дан артық қой тұратын, дәнекер ұлпасы негізінен тұрады.

Шаш тамыры теріде эпидермалды клетканың бірнеше қабатты қабықшасымен қоршалған. Бұл түтікше шаш қынасы деп аталып, өз кезегінде дәнекер ұлпасының қабаттарымен қоршалып, шаша қоржыны (сумка) деп аталатын, шаш қынабы қабығын түзеді.

2.2 кесте. Қазақстан Республикасы қойларының өндірістік классификациясы.

Қой тұқымдары Тұқым атаулары
Жүн жабынының типі бойынша өнімділік бағыты бойынша
1 2 3
Биязы Жүнді-етті Солтүстік қазақ меринос, бескарағай және сұлукөл ішкі тұқым типі, оңтүстік қазақ меринос, меркен және құйық ішкі тұқымдар арасындағы тип
Етті-жүнді Казақ арқармериносы. Қазақтың биязы жүнді қойы.
Биязылау Етті-жүнді ұзын талшықты Кроссбредті қазақтың биязылау жүнді қойы, шығыс және оңтүстік шығыс аймақтық типі.. Казақтың етті-жүнді, кальченгиль, ақсеңгер және шу тұқым іші типі Ақжай етті-жүнді Дегерес етті-жүнді бизылау. Қазақтың көп тұқымды топтары.
Етті-жүнді қысқа талшықты Гемпшир типі
Етті-жүнді Қазақтың цигай қойының ішкі тұқым типі
Ұяң жүнді Етті-майлы Казақтың ұяң жүнді, қарғалы, ақтөбе, байыс тұқым іші типі
- - Дегерес етті-жүнді биязылау кілемді жүн
Қылшық жүнді Елтірі Атырау құйрықты-елтірі каракулі
Етті-майлы Еділбай. Сарыарқа қазақтың қылшық жүнді құйрықты

Қойдың өндірістік классификациясы жағымды қасиеттеріне негізделген. Жүн жабынына қарай оларды биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүнді түрлеріне бөледі.

1 Тапсырма. Өнімділігі бойынша әр түрлі бағыттағы тұқымдарын әсіресе Қазақстанға маңызы бар түрлерін меңгеру. 2.3 кестеге толтыру.

2.3 кесте. Ешкі және қой тұқымдары мінездемесі.

Тұқым Қой тұқымы қайда және қашан шығарылған Классификация Зоологиялық типі Жүннің қоюлығы Жүннің орташа ұзындығы, см Жүннің орташа және рекордты қырқымы, кг
1 2 3 4 5 6 7

Кестенің жалғасы.

Орташажәне рекордты салмағы, кг Жүннің қалыңдығы, мкм Жуылған жүн шығымы,% Аналықтың өсімталдығы Тұқымдардың биологиялыө және шаруашылық қасиеттері Тұқымдардың аудандастырылуындағы таралу аймағы Ең жақсы шаруашылық Тұқымды одан әрі жетілдірудегі жасалатын шаралар
8 9 10 11 12 13 14 15

Бақылау сұрақтары.

  1. Қой тұқымын шығару әдісі.
  2. Қой тұқымдарын қандай өндірістік классификация және өнімділік бағытына жатқызамыз.
  3. Қой тұқымдарын өсіретін ең жақсы шаруашылықты атаңыз.
  4. Қой тұқымдарының мінез ерекшеліктері.
  5. Қазақстанда аудандастырылған әр түрлі бағыттағы қойларды өсіру аймақтары.