Кіріспе


Қазiргi таңда Қазақстанда қосалқы тарихи пәндерді оқытудың маңызы өте зор. Тарих ғылымы өз нәтижелерін әр- алуан тарихи дерек арқылы түйіндейді. Осы деректерді сынау үшін қосалқы тарихи пәндердің әдістері мен мәліметтері қолданылады. Оқу процессiнде генеалогияның, нумизматиканың, геральдиканың, палеографияның, эпиграфиканың, хронологияның, метрологияның, фалеристиканың, вексиллологияның, дипломатиканың міндеттері мен мақсаттарын оқыту, пән мазмұнымен таныстыру, осы ғылым салаларының беретiн құнды ғылыми мәлiметтерi мен зерттеу әдістерін білу және пайдалану арқылы студенттердiң тарихи бiлiмiн толықтырып, дүниетанымын кеңейтiп, жаңаша көзқарас қалыптастырып, болашақ iзденiстерге жол ашады. Қосалқы тарихи пәндердің көп тақырыптары отандық тарихқа қатысты мәселелерді талдауға бағытталған. Пән тарихи дерек түрлерінің сыныпталуын терең меңгеруге, тарихи деректерден ақпарат ала білуге, ішкі, сыртқы сыннан өткізуге, қосалқы тарихи пәндердің әдістерін кешенді түрде қолдана білуге баулиды.