«Тарихи метрология»


  1. Тарихи метрология пәнi. Зерттелу дәрежесi. Зерттеу әдiстерi.
  2. Европа мен Ресейдегі өлшем жүйесінің дамуы.
  3. Қазақстандағы өлшем жүйесінің қалыптасуы. Қазақша өлшем бiрлiктері.

Тарихи метрология. Тарихи метрология пәні мен міндеттері. Метрологиянын тарихи пән ретінде қалыптасуы мен дамуы. Англияда, Ресейде метрге дейінгі ұзындық өлшеулері бірліктерінің дамуы, таратылуы. Еуропадағы метрге дейінгі аумақ бірліктері. Көлемді өлшеудің метрге дейінгі бірліктері. Ресейдің метрге дейінгі салмақ өлшем бірліктері - пұт, фунт және т.б. дәріханалық грек бірліктері - грап, екрупул, драхма т.б. Ресейде қолданылуы. Орыс өлшем бірліктері-шелек, бөшке, штоф, шарке (чарка) және т.б.

Қазақ қашықтық өлшем бірліктері: алты айлық, айлық, күндік, ат шаптырым, аттам (жер). Жақын аралықка катысты қазақ өлшем бірліктері: ұпай қайнатым, шай-ішім, ет пісірім, бие сауым, түйе сауым. Қазақ ұзындык өлшемдері - қадам, құлаш, адым, қарыс, сүйем, сынық сүйем. Қазақ бірліктері - уыс, шайнам, ауыз толтырым, кайнатым. Ұсақ өлшем бірліктері - түймедей, иненің жасуындай, бір тамшы. Отын өлшем бірліктері - буым, арқа, дорба, етек, жағым. Саудадағы қазақ өлшемдері - пұт, қадам, қап, дорба, қанар.

Тарихи метрология.

Өткен уақытта пайдаланылған өлшем бірліктері: ұзындық, көлем, салмақ, аудан т.б. бірліктер жүйесі, өлшем құралдары, өлшем әдістері.

Ортағасырлық «метрологиялық» шығармаларға ХІV-ХV ғасырлардағы заңгерлердің және көпестердің тракаттарын айтуға болады.(Франческо Бальдуччи Пеголотти. «Торговая практика», ХІV ғ.). Осы кездерде жерге байланысты шығарма: «Кульмская геометрия» (ХІV ғ. мен ХV ғ. аралығы) жарыққа шықты. Неміс қоныстанушыларының егістікке арналған жерлерді өлшеу тәжірибесін жинақтаған.

Жалпы өлшем процессінің негізін теориялық тұрғыдан ХV-ші ғасырда философ Николай Кузанский «Простец об опытах с весами» деген еңбегінде түсіндіруге тырысса да Метрологияның ғылым ретінде пайда болуын ХVІ ғасырға жатқызады. Ол Георг Агрикола (1494-1555) және Жозеф-Жюст Скалигер аттарымен байланысты. Тарихи метрологияны Агриколаның «Пять книг о мерах и весах римлян и греков» деген шығармасы бастайды.

Европаның көптеген елдерінде ХVІІІ-ХІХ ғасырларда анықтамалар шығып тұрды, олар метрикалық жүйе әлі ығыстырып болмаған өлшем бірліктеріне түсінік беретін. ХІХ-шы ғасырда метрологияның кейбір саласы зерттеле бастады: мысалы, «Ұлы Карл фунты», «кельндік маркалар», «гуфалар» т.б. ХХ-шы ғасырда тарихи метрологияның дамуына өзінің үлесін Халықаралық тарихи метрология комиссиясы қосты. 1975-ші жылдан бастап осы пән бойынша конгресстер шақырыла бастады.

Ежелгі грек және римдік өлшемдер жүйесі жақсы зерттелсе, Батыс және Орталық Европа өзінің бытыраңқылығына, дәстүріне, тұйықтығына, бөлектігіне байланысты өзінің жүйесіздігімен көзге түседі. Мысалы, Англиядағы Рамсей монастырінің картулярийінде, бір ғана Хантингдоншир графтығында жер бөліктерін өлшеудің 16 тәсілі болған. Соған қарамастан өлшем бірліктерінің аты (гайда, виргата, акр) бір болған. Тіптен ол жерлерді тек ол жерге егілетін дақыл түрімен, болмаса онан түсетін пайда арқылы өлшейтін болған. Кейде бір жердегі өлшем жүйесі, болмаса сондағы жер көлемі әр түрлі өлшенуі мүмкін. Метрология өзге де қосалқы пәндермен тығыз байланыста, әсіресе нумизматикамен, сонымен бірге метрология археология мен этнографияның деректерін де жиі пайдаланады. Өлшем бірліктер табиғаттың жағдайымен тығыз байланысты болғандықтан метрология еңбектерінде географияға, астрономия, геология, агрономия т.б. ғылымдарға сілтеме жиі болып тұрған.

Метрологиялық зерттеулердің деректеріне трактаттардан басқа хроникалар жатады. Келісімдер мен келіссөздер, сауда есебінің есептері, иеліктердің тізімдері, сот протоколдары, Сонымен қатар өлшем құрал саймандары, өлшеу және салмақ эталондары, монеталар, фрескалардағы, капитолий колонналарындағы миниатюралар, скульптура, живописьтегі бейнелер,... ХVІІ- ХVІІІ-ші ғасырлардағы топографиялық карталар, ХVІІІ-ХІХ-шы ғасырлардағы метрологиялық анықтамалар да осы зерттеулерге жарық түсіреді.

Жалпы римдік жүйені айтпай кетуге болмайды, себебі ол көптеген өлшем бірліктерінің негізін қалайды, сонымен қатар ол өзге де елдерге тараған.

- «бүтін» (as) - өлшем бірлігінің негізі.

- 1/12 бөлік – унция деп аталды. Қалған бірліктер осы астың, немесе унцияның бөлігі, не көбейтілген түрі болатын.

Архитектуралық практикада Витрувидің айтуы бойынша өзгеше өлшем түрі пайдаланылған. 1/16 фут – digitus – «саусақ» деп аталған; 4 «саусақ» - «алақан» (palma); 1,5 фут – шынтаққа тең (cubitus, 6 «алақан»). Саусақ – 1/288 футқа дейін бөлінген (scripulum, «скрупулезный» – сөзі осыдан шыққан).

Жерге байланысты ұзындық өлшемдері: оның негізі акт (akus), Плинийдің айтуынша екі өзгіздің айдаусыз жырта алатын қашықтығы. 1/12 akus-ты пертика құрайды, ол 10 футқа тең. Пертика – жер өлшейтін таяқ. Ауданды (площадь) өлшеу, оның ең кіші көлемі 1 пертикаға тең квадрат – скрупул (8,75 кв.м.). 288 скрупул – негізгі аудан көлемін білдіреді – югер (jugum - упряжка). Ол – 2519 кв.м. тең, яғни бұрын екі өгіздің күндік нормасы болып табылған. 2 югер heredium (мұрагерлік имение, мұра) деп аталады. Ал үлкен жер иелерінің ауданын есептеуге «центурии» (200 югер, 50,377 га) және «сальтус» (4 центурии, немесе 201,5 га) өлщемдері қолданылды.

Сұйық және сусымалы денелерге – кубтік фут – 26,26 л. – «амфора» деп аталды. Ол тек сұйық заттарға қолданылды. Оның 1/2 (urna), 1/8 (congius), 1/48 (cextarius), 1/96 (hemina), 1/192 (quartarius), 1/384 (acetabulum), 1/576 (cyathus) – деген түрлері бар. Соңғысы 0,045 л.-ге тең, оны шарапты өлшегенде пайдаланған. Сусымалы заттарды өлшеуге – модий («амфораның» 1/3 – 8,754 л.) термині пайдаланылды, жарты модий, оның қалғандары сұйыққа арналған өлшемдер секілді бөліне береді.

Римдік салмақ өлшемі - фунт – libra (салмақ, вес, весы) – 327,5 г. тең. Одан: 1/12 (унция 27,3 г.), 1/48 (сицилик), 1/96 (драхма), 1/288 (скрипул 1,138 г.), 1/576 (обол), 1/1728 (немесе 1/144 унция) – силиква – 0,189 г. Фунт тек салмақнегізі ғана емес қаржы жүйесі де болатын.