Тарихи топонимика


  1. Тарихи топонимиканың өзекті мәселелері мен дамуы.
  2. Қазақстандағы топонимикалық өзгерістер.
  3. Ономастиканың мақсаты мен міндеттері.
  4. Ономастиканың ғылым ретінде дамуы.

1.Топонимика әдістері. ТОПОНИМИКА (грек. Topos-орын, жер және оnomo. оnyma-ат, атау) — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын),мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясьш кұрайды. Топонимдер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер, т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді. Пайда болуы жағынан эндоним және экзонимдерге жіктеледі. Біріншісі - жергілікті халықтың өзі тұратын жердегі географиялық нысандарға берген атаулары; екіншісі - сол жерге отарлаушылардың не сырттан келгендердің берген атауы. Топонимдердің, әсіресе, эндонимдердің ең негізгі касиеті - олардың тұрақтылығы, сол үшін де мұндай атаулар адамзат тарихы, мәдениеті және тілі жөнінде көне ғылым мәліметтер береді. Топономика нысан ерекшеліне байланысты жоғарыда аталғандардан басқа бірнеше топқа жіктеледі: ойконим (елді мекен атауы: Астана қ., т.б.); хороним (табиғи, әкімшілік - аумақ атауы); дромоним (жол қатынасы тораптарының атауы). Сондай-ақ топонимдер өзге ономастикалық топтағы сөздерге [кісі есімдері (антропоним), өсімдік (фитоним), мал-жануар (зооним), ру, тайпа атауы (этноним), аңыз әңгіме, эпостардағы қиялдан туындаған атаулар (мифоним), т.б.] ұйтқы болады. Трансонимистикалау құбылысы нәтижесінде ондай онимдер топонимдер қатарына ауысып, антропоним, зоотопоним, фитотопоним, этнотопоним, мифотопоним, т.б. терминдермен белгіленеді. Қазақ тілінің Топономикасын Ғ.Қоңқашбаев, Н.Баяндин, А.Әбдірахманов, т.б. ғалымдар зерттеген. Нәтижесінде Қазақстан топонимиясын зерттеу жұмыстары кең көлемде атқарылып, жоғалған немесе негізсіз ауыстырылған топонимдер қалпына келтірілуде.