Кіріспе


Оқулықта   жалпы тіл білімі – тіл ғылымының жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл тіл туралы ғылымның бағыт – бағдарын белгілейтін компас ғылым. Бұл пән – студенттерді теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстырады. Оларға жалпы тіл білімі ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған басты мәселелерінен жүйелі білім береді. Осындай мақсаттарға сәйкес, курс күрделі төрт бөлімге бөлінеді: лингвистика тарихы, тіл теориясы, лингвистикалық әдістер мен методикалар, тіл білімінің басқа ғылымдармен қарым-қатынасы туралы ғылыми талдамалар ұсынылған.

          Жалпы тіл білімі жоғары филологиялық білімнің  оқу жоспары бойынша міндетті пәндер қатарына кіреді. Бұл мамандық бойынша оқитын  білімалушылардың жалпы лингвистикалық дайындығы жүйесіндегі аяқтаушы, қорытындылаушы курс, оның негізі «Тіл біліміне кіріспе» - курсында қаланған. Курстың мақсаты- студенттерді қазіргі тіл теориясының негізгі тұжырымдарымен, тіл білімінің даму тарихымен, неғұрлым маңызды бағыттармен, қазіргі тіл білімі мәселелерімен және зерттеу әдістемесімен таныстыру.

Бұл пән студенттерді теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстырады. Оларға жалпы тіл білімі ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған басты мәселелерінен жүйелі білім береді. Осындай мақсаттарға сәйкес курс күрделі төрт бөлімге бөлінеді: лингвистика тарихы, тіл теориясы, лингвистикалық әдістер мен методикалар, тіл білімінің басқа ғылымдармен қарым-қатынасы.

«Жалпы тіл білімі» жоғары филологиялық білімнің оқу жоспары бойынша міндетті пәндер қатарына кіреді. Курстың мақсаты – студенттерді қазіргі тіл теориясының негізгі тұжырымдарымен, тіл білімінің даму тарихымен, неғұрлым маңызды бағыттармен, қазіргі тіл білімі мәселелерімен және зерттеу әдістемесімен таныстыру.

Оқулық студенттерге, магистранттарға, осы салада дәріс беретін оқытушыларға арналған.