Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі мәселелері, салалары. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.


1. Жалпы тіл білімінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері

2. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы.

3. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.

Жалпы тіл білімінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері

Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл  лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі  1963 жылдан бастап енгізілді. Бұл пәннің мақсаты – студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру.

Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы. 

Тіл білімі салалары: 1. Интралингвистика. Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді. Интралингвистика тілдің ішкі жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика. Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Сондықтан оны социологиялық лингвистика, металингвистика (мета – грекше жарты), сыртқы лингвистика, немесе тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттеуіне байланысты функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика социолингвистика, менталингвистика салаларына бөлінеді.  

Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.

Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді. Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Жалпы тіл білімі нені зерттейді?

2.     Жалпы тіл білімінің зерттеу нысанына не жатады?

3.     Жалпы тілімі қандай  салалардан тұрады?

4.     Тапсырма: Жалпы тіл  білімі мен жеке тіл білімінің қарастыратын мәселелерін анықта.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар / Б. Сағындықұлы,  Ш. Омарбеков; Әл-Фараби атынд. Қазақ Ұлттық университеті. - Алматы: Қазақ университеті, 2011

2. Рамазанова, Ш. Қазақ тілі: оқу құралы / Ш. Рамазанова; Әл-Фараби атын. Қазақ Ұлттық университеті. – А: Қазақ университеті, 2012

3. Исаев , С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011