Тілдің өзіндік сипаттары. Тілдің табиғаты мен мәні


1.Тілдің  өзіндік сипаттары.

2. Тілдің теориялық мәліметтері

3. Тілдің табиғаты мен мәні

Тілдің  өзіндік сипаттары.

Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Тіл – биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс.

Тілдің теориялық мәліметтері.

            Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы.

         Тілдің анықтамасы, бұл мәселедегі ала-құлалық. Тілге дұрыс анықтама берудің теориялық мәні. Тілдің коммуникативтік, экспрессивтік функциялары, бұл екеуінің ара қатынасы, коммуникативтік функцияның мәнділігі. Тілдің структуралық, семиотикалық сипаттарына қарай, қоғамның, мәдениеттің дамуына тигізетін әсеріне, алатын орнына қарай беріліп жүрген анықтамалар. Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл.

          Тілдің табиғаты мен мәні.

        Тіл табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына жататыны, мәні дегенге оның қоғамда атқаратын қызметі ерекшелігі жататыны. Бұл мәселелерді шешуде болып келе жатқан пікір қайшылықтары. Тіл білімі тарихында болған әр түрлі мектептердің, бағыт-бағдарлардың дүниеге келуіне ғалымдардың тілдің табиғаты мен мәнін қалай түсініктерінің себеп болғандығы және қазірде де солай болып келе жатқаны.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Тіл білімінің нысанын айқындаңыз.
Источник: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html

2.Тіл дегеніміз не?
Источник: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html

3.Жек тіл білімі мен жалпы тіл білімінің айырмашылықтарын дәлелдеңіз.
Сілтемені қараңыз: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html

4.Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні қандай?
Сілтемені қараңыз: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html

5.Тілдің қоғамдық қызметтерін саралаңыз.
Сілтемені қараңыз: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010

2. Шалабай, Б. Қазіргі қазақ тілі синтаксис. – Алматы, 2012

3. Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой  деятельности. - М:  Астрель, 2007

4.Шаяхметұлы.Қ. Қазіргі қазақ тілі.  Сөзжасам-дериватология, сөзөзгерім-морфология. Семей; Новосібір: Талер-Пресс, 2007

5. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова., 2010.,2010