Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу. Тіл және сана


1.Тіл және ойлау туралы түсінік

2.Тіл және сананың арақатынасы.

3.Тіл мен ойдың байланысы.

Тіл және сананың арақатынасы.

Тілдің ой – санамен қарым – қатысы. Тіл мен ой – сананың бір – бірімен қарым – қатынасы жөніндегі мәселе – біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені филосовтар да, тіл ғалымдары да, логиктер де, психологтар да зерттейді.Бұл саладағы пікірлерді былайша топтуға болады.

Тіл және ойлау туралы түсінік.

Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері жоқ дейтін көзқарас.Бұл – менталистік бағыт деп аталады (неміс ғалымдары Ф.Э.Д.Шлейермахер, И.Г.Гаман, 18-19 ғ.).

Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек дүние дейтін көзқарас (неміс ғылымы Ф.Э.Бенеке,19 ғ.). Бұл екі көзқарастың екеуі де тіл мен ойлаудың қарым – қатынасы жөніндегі мәселені жоққа шығарады, оны проблема етіп көтеруді қажетсіз деп санайды.

Тілдің рөлін асыра бағалап, тіл мен ойлауды өте жақын деген көзқарас (неміс ғалымы В.Гумбольдт, француз ғалымы Л.Леви – Брюль, 18, 19 ғ.).Бұл бихевиористік бағыт деп аталады.

Тіл мен ойдың байланысы.

Тіл мен ой – сана өзара тығыз байланысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды.Бірақ бұлардағы бірлік абсолюттік, тепе – теңдік бірлік емес, әрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар дейтін көзқарас.Тіл мен ой – сананың арақатысы жөніндегі бірден – бір дұрыс шешім де осы соңғы бағыт деп есептеуге болады.

Тіл мен сөйлеу бір – бірінен ажырамас бірлікте.Тілсіз сөйлеу жоқ, сөйлеу жоқ жерде тіл жоқ.Сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы.

Сөйлеу дегеніміз – тілді қатынас процесінде, өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз.

Сөйлеу дегеніміз психологиялық көзқарас бойынша нені білдіреді? Сөйлеу мен тілдің байланысы неде? Бұл  сұрақтарға мамандар әр түрлі жауап береді. Кейбіреулері олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ ,-  дейді. Келесілері «Сөйлеу – тіл жұптағы түсінікті тек сөйлеу – индивидуалды табиғаттың феномені, ал тіл психологиялық құбылыс емес, сондықтан ол әлеуметтік, оны зерттейтін  психолингвистика болып табылады ,-дейді.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Тіл мен ойлаудың бірлігіне сипаттама беріңіз.

Сілтемені қараңыз: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html

2. Тіл және сөйлеудің өзара байланысы  қандай?

3.Тапсырма: Тіл және санаға қатысты интернет сайттарынан материал қараңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука., 2009

2.Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2007

3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. М.:Дрофа., 2008

4.Жүнісова, М.Ә. Қазіргі қазақ тілі: оқу құралы .- Алматы: Дарын,  2008

5. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар / Б. Сағындықұлы, Ш. Омарбеков; Әл-Фараби атынд. Қазақ Ұлттық университеті. - Алматы: Қазақ университеті, 2011