Тіл және қоғам. Дыбыс тілінің пайда болуы


1.Тілдің анықтамасы.

2. Тілдің табиғаты.

3.Тілдің қоғамға, қоғамның тілге тигізетін әсері.

Тілдің анықтамасы.

Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Тіл – биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс.

Тілдің табиғаты.

Тілдің құрылымы мен функциясы. Қоғамның әлеуметтік құрылысының тілге тигізетін әсері, ең алдымен, тілдің қызметінен анық көрінеді.Өйткені тілді қолданушы әлеуметтік топтар, таптар оған немқұрайды қарамайды.Оны өз талап – тілектеріне, өздерінің әлеуметтік жағдайларына сәйкес қолдануға тырысады.

Тілдің қоғамға, қоғамның тілге тигізетін әсері.

Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам да болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады.

Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай – қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл – адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама – қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті. Дыбыс тілі алғашқыда неден басталды, қандай болды? Деген сұрау адам қоғамы тарих үшін де, тіл ғылымы үшін де соншалықты маңызды, өте қажетті болғанымен, оған ешкім де еш уақытта нақтылы жауап бере алмайды.

Ғалымдар дыбыс тілі жеке дыбыстарға сараланатын сөз түрінде бірден пайда болған емес, жалпы жан иелерінде болатындай әр түрлі диффузды дыбыстарды адам тектес маймылдар да шығара білген болу керек, өз үйірлестеріне бір нәрсені хабарлау үшін қолданылған сондай диффузды, яғни мағыналық жағынан да, материалдық жағынан да бөлшектеп саралауға болмайтын одағай дыбыстарды олар дыбыс тілінің бастамасы ретінде қолданған болар да, келе-келе солардың негізінде дыбысты тіл пайда болған болар деп жорамалдайды.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Тілдің қоғамдық қызметтерін саралаңыз.
Сілтемені қараңыз : http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html

2.     Дыбыс тілінің пайда болуына қатысты қандай теориялар бар?

3.     Сілтемені қараңыз: Источник: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html

4.     Адамзат тілі қашан шықты? Оның шығу себептері не?
Сілтемені қараңыз: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html

5.      Философтар мен ғалымдар пікірін салыстырыңыз:

А. Тілдің дамуы мен шығуына қатысты айтылған дұрыс пікірлерді несімен дұрыс екенін дәлелдеңіз.

Б. Тілдің дамуы мен шығуына қатысты айтылған теріс пікірлерді несімен теріс екенін дәлелдеңіз.
Сілтемені қараңыз:: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Рамазанова, Ш. Қазақ тілі: оқу құралы / Ш. Рамазанова; Әл-Фараби атын. Қазақ Ұлттық университеті. – А: Қазақ университеті, 2012

2.Исаев , С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011

3.Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова., 2010

4.Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад, 2007

5. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010