Тілдің даму заңдылықтары. Тілдік өзгерістердің ішкі, сыртқы себептері


1. Тілдің дамуының заңдылықтары.

2. Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар.

Тілдің дамуының заңдылықтары.

Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі — ор тілдің өзіндік байырғы материаддары негізінде, екінші — басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық, саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды. Фонетикалық ауытқу екі түрлі болады:

а) алдыңғы үрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі үрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы. Бұл — тіл білімде конвергенция деп аталады; ә) алдыңғы үрпақ тілінде бір дыбыс немесе бір дыбыстың басқа түрі ғана болып келгендер кейінгі үрпақ тілінде екі бөлек дыбыс болып кетуі мүмкін. Бүл — дивергенция деп аталады.

Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар

Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар алуан түрлі. Қазіргі заман тіл білімінде олардың ішіндегі ең елеулісі ретінде екі түрлі факторға ерекше мән береді: оның бірі — сыртқы фактор, екіншісі — ішкі — фактор деп аталады. Егер тілдегі белгілі бір өзгерістің пайда болуына түрткі, себепші болған жағдайлар тілдің өзіне, өз жүйесіне тән, өзінің ішкі ерекшелігінен туған заңдылығы болса, ол ішкі себеп болады да, тілдің өз заңдылығынан болмай, одан тысқары, тілді қоршаған әлемнен, ортадан туған түрткі болса, ол сыртқы себеп болады. Сыртқы факторға тілді қоршаған ортадан болатын алуан түрлі себептердің жиынтығы, өзгеден бұрын, қоғамның тарихи дамуына, тілдік коллективтің қоныс аударуларына, миграцияға, бірігуімен ыдырауына, қатынас жасау формасының өзгеруіне, мәдениет пен техникадағы прогреске байланысты себептер жатса, ішкі факторға тілдің өмір сүріп түрған жүйесін жетілдіре беру мақсатынан туған себептер жатады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Тілдің қандай  даму заңдылықтары бар? Источник: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html

2.     Тілдік өзгерістердің  қандай ішкі, сыртқы себептері бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.     Шаяхметұлы.Қ. Қазіргі қазақ тілі.  Сөзжасам-дериватология, сөзөзгерім-морфология. Семей; Новосібір: Талер-Пресс, 2007

2.     Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова., 2010.,2010

3.     Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука., 2009

4.     Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2007

5.     Невченко В.Н. Введение в языкознание. М.:Дрофа., 2008 Жүнісова, М.Ә. Қазіргі қазақ тілі: оқу құралы .- Алматы: Дарын,  2008