Тілдік одақ. Ностратикалық тілдер


1. Тілдік одақтың пайда болу себептері

2. Ностратикалық тілдер семьясының пайда болу жолы, зерттелу кезеңдері.

Тілдік одақтың пайда болу себептері

Тілдік одақ дегеніміз – шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кеңістікте б»р-б»р»мен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі. Тілдік одақ және тіл семьясы деген ұғымдар бірдей емес.

Ностратикалық тілдер семьясының пайда болу жолы, зерттелу кезеңдері.

Ностратикалық тілдер. Афразия, үндіеуропа, картвел, орал, дравид, алтай тілдерін біріктіретін тілдердің үлкен семьясы (макросемья языков). Бұл терминді 1903 жылы алғаш ұсынған – дат ғылымы Х. Педерсен (латынша noster біздің деген мағынада). Тілдердің мұндай үлкен семьясы «борей тілдері», «бореал тілдері», «еуроазия тілдері» деп те аталған, бірақ бұл терминдер тәжірибеде қолданыс таппады. Ностратикалық тілдер шығыс ностратикалық (орал, дравид, алтай тілдері) және батыс ностратикалық (афразия, үндіеуропа, картвел тілдері) болып екі топқа бөлінеді. Ностратикалық тілдердің бұлайша бөлінуі жалпыностратикалық вокализмнің (дауыстылар) кейін шыққан тілдердегі тағдырына байланысты: шығыс ностратикалық тілдерде алғашқы тұрақты түбірдің вокализмі сақталған; батыс ностратикалық тілдердегі бір түбірден тараған сөздерде дауыстылардың алмасу жүйесі (аблаут) қалыптасқан.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Тілдік одақ дегеніміз не?Қандай ірі-ірі тілдік одақтарды білесің?

2.     Ностратикалық тілдерге қай тілдер жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.     Рамазанова, Ш. Қазақ тілі: оқу құралы / Ш. Рамазанова; Әл-Фараби атын. Қазақ Ұлттық университеті. – А: Қазақ университеті, 2012

2.     Исаев , С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011

3.     Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова., 2010

4.     Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад, 2007

5.     Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010