Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. Универсал грамматика


1. 17 – 18 ғ. жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер.

2.Қайта өркендеу дәуірінің  лингвистикалық проблемасы.

3.Универсал грамматика бөлімдері.

17 – 18 ғ. жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер.

Қайта өркендеу дәуірі тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша тұрғыдан келу, бірінші орынға  канондық тілдерді емес, әр халықтың әр ұлттық өзіндік сөйлеу тілін қоюды, соны зерттеп , соның сырын ашуды қойды. Осылардың нәтижесінде жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жайтты. 1562 ж. П. Романің «Француз тілі граммтикасы». 1693 ж. Уоллистің «Ағылшын тілі грамматикасы». 1659 ж Лавренти  Зизанидің  «Славян грамматикасы». 1757 М В Ломоносовтың «Россия грамматикасы».

Қайта өркендеу дәуірінің лингвистикалық проблемасы.

Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, Қайта өркендеу дәуірі 14-16 ғасырлар арасын қамтиды.  Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе – орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып жариялау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында И. Скалигердің 1540 жылы шыққан «Латын тілінің негіздері туралы», Р. Стефанустың 1553 жылы шыққан «Латын тілі қазынасы» және «Грек тілі қазынасы» атты еңбектерін атауға болады.   

Универсал грамматика бөлімдері.

Универсал грамматика 1660 жылы жарияланған. Оны француз ғалымдары – логик, философ, профессор Антуан Арно (1612-1694) мен грамматист, филолог, профессор Колод Лансло (1616-1695) екеуі бірігіп жазған.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Қайта өркендеу дәуірінің ерекшелігі?

2.     Бұл дәуірдегі тіл білімінің проблемалары

3.     Универсалды грамматика еңбегі туралы не айтасын?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.     Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова., 2010

2.     Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад, 2007

3.     Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010

4.     Шалабай, Б. Қазіргі қазақ тілі синтаксис. – Алматы, 2012

5.     Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой  деятельности. - М:  Астрель, 2007