XIX ғасыр тіл білімі. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі


1. Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы Ф.Боптың , Раск, Якоб Гримм т.б. еңбектері.

2.Тіл философиясының алға қойған мақсаты.

3.Типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, қалыптасуы туралы.

Типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, қалыптасуы туралы.

Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жайт19ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Әрине, жаңа әдістің қалыптасуы – ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. 18 ғасырдың соңғы жартысы мен 19 ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.

Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы Ф.Боптың , Раск, Якоб Гримм т.б. еңбектері.

Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған. Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады.

1538 жылы Француз гуманисі Гвилсльм Постеллустың "Тілдер туыстастығы туралы" деген еңбегі жарияланады.

Ф.Боптың ең басты еңбегі – «Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы». Расмус Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, ислан тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп аталады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі – неміс ғалымы Я.Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады.

Тіл философиясының алға қойған мақсаты.

Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға XIX ғасырда ғана ие болды. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі В.Гумбольдт болды.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушыларды атаңыз.

2.     Дания ғалымы Расмус Расктің қандай еңбегі бар және ол тілдер туыстығы туралы не дейді?

3.     Тілдер қарым-қатнасы арқылы пайда болатын ұқсастық, бірлік дегеніміз не?

4.     Салыстыру үшін алынған материалдар қандай болуы керек.

5.     Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің басты мақсаты не екен?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.     Шаяхметұлы.Қ. Қазіргі қазақ тілі.  Сөзжасам-дериватология, сөзөзгерім-морфология. Семей; Новосібір: Талер-Пресс, 2007

2.     Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова., 2010.,2010

3.     Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука., 2009

4.     Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2007

5.     Невченко В.Н. Введение в языкознание. М.:Дрофа., 2008

6.     Жүнісова, М.Ә. Қазіргі қазақ тілі: оқу құралы .- Алматы: Дарын,  2008