XIX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен. (Логикалық бағыт. Психологиялық бағыт).


1. Логикалық бағыт қарастыратын нысаны

2. Психологиялық бағыт

Логикалық бағыт қарастыратын нысаны.

         Логикалық бағыт – тілді ойлауға және логика мен философиядағы әр түрлі ағымдар мен концепцияларға қатысты зерттейтін көзқарастар жиынтығы. 19 ғасырдың 1 жартысындағы философиялық тіл білімі логикалық және психологиялық бағыттардың қарама-қарсы дамуынан көрінеді. Бұл екі бағыттың екеуі де грамматиканың формалдық және семантикалық жағына көңіл аударды. Бірақ ол жайындағы көзқарастары қарама-қайшы болды. Логикалық бағыттын негізгі мақсаты – ойлаудың танытқыштық қызметін, логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасындағы қарым-қатысты зерттеу, тілдік категориялардың логикалық сипатын айқындау.

         Психологиялық бағыт.

         Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген бағыт психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі психологизм 19 ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. 19 ғасырдың екінші жатысындағы көрнекті тіл ғалымдарының көбі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясының нысаны – адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық процестер. Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің прфессоры Гейман Штейнтальды (1823-1899) жатқызуға болады. Кейініректе Штейнтальдың көзқарасын Харьков университетінің прфессоры Александр Потебня (1835-1891), неміс ғалымдары Вильгельм Макс Вундт (1832-1920), Герман Пауль (1846-1921), тағы басқалар қолдады. Тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету – 19 ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктірді.

         Психологиялық бағыттағылар өз ішінен индивидуалистік психологизм, әлеуметтік психологизм деп аталатын екі бағытқа жіктеледі.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     XIX ғасыр тіл біліміндегі  қандай бағыттар мен мектептер бар?

2.     Логикалық  бағыт дегеніміз не?

3.     Психологиялық бағыт дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.     Шалабай, Б. Қазіргі қазақ тілі синтаксис. – Алматы, 2012

2.     Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой  деятельности. - М:  Астрель, 2007

3.     Шаяхметұлы.Қ. Қазіргі қазақ тілі.  Сөзжасам-дериватология, сөзөзгерім-морфология. Семей; Новосібір: Талер-Пресс, 2007

4.     Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. Байтурсынова., 2010.,2010

5.     Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука., 2009