Кеңестік тіл білімі


1. Кеңестік тіл білімі ең басты міндеттерінің бірі.

2. 20-30  жылдары совет тіл біліміндегі бірнеше лингвистикалық бағыттар.

3. Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы  академик Н.Я.Мардың  рөлі.

Кеңестік тіл білімі ең басты міндеттерінің бірі.

Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.Бүкіл Кеңес ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің де философиялық негізі – маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды.

20-30  жылдары совет тіл біліміндегі бірнеше лингвистикалық бағыттар.

20-30 ж. кеңес тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Ондай лингвистикалық бағыттың бірі – үнді-европалық компаративтік лингвистиканың Россиядағы бір тармағы – салыстырмалы-тарихи тіл білімі болатын.

Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы академик Н.Я.Мардың рөлі.

Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады. Оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді. Марр тіл туралы жаңа ілімді яфет тілдерін жан-жақты зерттеу, оның басқа семьядағы тілдермен қатынасын айқындау негізінде ғана қалыптастыруға болады деп санады.Кеңес Одағы Коммунистік партиясының орталық органы «Правда» газеті 1950 жылы Кеңес тіл біліміндегі тоқыраушылықты сынап, бұл саладағы ғылыми жұмысқа дұрыс бағыт сілтеу үшін еркін айтыс ұйымдастырды.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?

2.     Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?

3.     Совет тіл білімінің ерекшелігі неде?

4.     Кеңес тіл білімінің дамуы жайында жазылған қандай еңбектер бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.     Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука., 2009

2.     Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2007

3.     Невченко В.Н. Введение в языкознание. М.:Дрофа., 2008

4.     Жүнісова, М.Ә. Қазіргі қазақ тілі: оқу құралы .- Алматы: Дарын,  2008

5.     Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар / Б. Сағындықұлы, Ш. Омарбеков; Әл-Фараби атынд. Қазақ Ұлттық университеті. - Алматы: Қазақ университеті, 2011