Түркі тілдері туралы ғылым


1.Түркі тілдері туралы мәліметтер

2. Түркітану-түркі тілдерінің  тарихын қарастыратын ғылым

Түркі тілдері туралы мәліметтер.

Түркі тілдері — Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы.

Түркітану - түркі тілдерінің тарихын қарастыратын ғылым.

Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков Түркі тілдері-нің фонет., граммат. ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, геогр. орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі:

1.     Алтай  дәуірі

2.     Ғұн дәуірі

3.     Көне түрік  дәуірі

4.     Орта  түрік  дәуірі  немесе негізгі қалыптасу  кезеңі

5.     Ең  жаңа  дәуір

Алайда оның екі дәуірі болғанын тұспалдап айтуға болады:

1.   Орал-алтай тілдерінің ортақ дәуірі, бұл – көптеген ру мен тайпа тілдерінің бөлінбеген кезеңі;

2.   Орал және алтай тілдерінің бір-бірінен бөліну кезеңі, бұдан соң түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей-жапон тілдерінің тармақтарға бөліну дәуірі.

Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен.        

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Түркі тілдері туралы ғылым қалай аталады?

2.     Тіл теориясы нені қарастырады?

3.     Жалпы тіл білімінің қазіргі жағдайы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.     Рамазанова, Ш. Қазақ тілі: оқу құралы / Ш. Рамазанова; Әл-Фараби атын. Қазақ Ұлттық университеті. – А: Қазақ университеті, 2012

2.     Исаев , С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011

3.     Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова., 2010

4.     Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад, 2007

5.     Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010