Тіл мен мәдениет. Этнолингвистика.


1. Тіл мен мәдениетті зерттейтін пәндер

2. Этнолингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері

Тіл мен мәдениетті зерттейтін пәндердің қатарына «лингвоелтану», «лингвоөлкетану», «лингвогмәдениеттану», «этнолингвистика», «этномәдениеттану» т.б. жатады. Аталған пәндердің зерттеу нысаны ортақ болып қоймай, кей жағдайда олардың зерттеу әдіс-тәсілдері , кейбір теориялық принциптері мен негіздері ұқсас болып келеді. Жалпы тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми үлгілері: этнолингвистиканың, этномәдениеттанудың, елтанудың, лингвомәдениеттанудың пән ретіндегі жалпы және ұқсас мақсаттары мен міндеттері – ұлт тілі арқылы ұлтты тану, ойлау жүйесінің ерекшеліктерін анықтау, қысқаша айтқанда, ұлттық менталитетті айқындау, басқалардың айырмашылығын көрсету 

Этнолингвистика - жалпы ғылымға тән диференция процесінің тіл біліміндегі бір көрініс іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған. Тіл білімінің экстралингвистика, психолингвистика, паралингвистика, статлингвистика, т.б. салаларымен қатар тұрады. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, оның салт-дәстүріне, ата-бабаларының тағылымына, қоршаған табиғи ортасына, сондай-ақ этнос өмір-тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық (материалдық) мәдениеттің қыр-сырына да ерекше мән беріп келеді. Бірақ осыған қарап, этнолингвистиканы этнографизмдердің немесе тіл мен этнография фактілерінің жай қосындысы деп қарауға болмайды.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Этнолингвистика нені зерттейді?

2.     Психолингвистиканың зерттеу нысанына не  жатады?

3.     Психолингвистика ғылымы қашан қалыптасты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.     Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука., 2009

2.     Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2007

3.     Невченко В.Н. Введение в языкознание. М.:Дрофа., 2008

4.     Жүнісова, М.Ә. Қазіргі қазақ тілі: оқу құралы .- Алматы: Дарын,  2008

5.     Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар / Б. Сағындықұлы, Ш. Омарбеков; Әл-Фараби атынд. Қазақ Ұлттық университеті. - Алматы: Қазақ университеті, 2011