Тіл және таным. Когнитивтік лингвистика


1. Тіл және таным мәселесінің когнитивтік лингвистикада қарастырылуы

2. Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері

Қaзipгi тіл білімінде тілдің коммуникативтік кызметінің семасиологиялық, прагматикалық, функционалдьқ, когнитивтік, психолингвистикальқ жақтарын кешенді зерттеу қолға алынуда. XXI ғасырда жаңа теориялық-танымдық әдістемеге сәйкес тілді «өз-өзінде және өзi үшін» (в самом себе и для себя) зерттеу жеткіліксіз болып, оны ой-санамен, мәдениетпен және адамның Тұрмыс-тәжірибелік қызметімен тығыз байланыста карастыру кажеттігі туындады. Ғасыр тоғысында нeriзi қаланған тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мақсаты - тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердің ой-өpiciн кеңейту; санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін қарастыру, логикальқ-позитивті және эстетикалық таным-білімнің реттелген, жүйеленген, өңдеуден өткен ақпараттарын тіл арқылы іздеп айқындау. Тіл арқылы көpiніc тапқан санадағы дүниелер бейнесін анықтау, тілді когнитивтік тұрғыдан зерттеу қазіргі кезде әлемдегі тіл біліміндегі бағыт.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Когнитивтік лингвистика нені зерттейді?

2.     Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысанына не жатады?

3.     Психолингвистика ғылымы қашан қалыптасты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.     Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар / Б. Сағындықұлы, Ш. Омарбеков; Әл-Фараби атынд. Қазақ Ұлттық университеті. - Алматы: Қазақ университеті, 2011

2.     Рамазанова, Ш. Қазақ тілі: оқу құралы / Ш. Рамазанова; Әл-Фараби атын. Қазақ Ұлттық университеті. – А: Қазақ университеті, 2012

3.     Исаев , С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011

4.     Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова., 2010

5.     Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад, 2007