Қолданбалы лингвистика


1. Қолданбалы тіл білімі туралы жалпы мәліметтер

2.Қолданбалы  тіл  білімінің  салалары

         Тілдің қолданбалы аясы бұрыннан да өзінің кең және жан-жақтылығымен ерекшеленетін.

Басқа ғылымдар сияқты тіл білімінде де екі бағыт бар: іргелі (фундаменталды) тіл білімі және қолданбалы тіл білімі. Іргелі тіл білімі тіл туралы, оның субстанциялық, функционалдық және прагматикалық қасиеттері туралы ғылым. Ал қолданбалы тіл білімі тілдің қолданылуындағы практикалық мәселелерді шешумен айналысады. Бұл іргелі ғылымдардың шеңберінен асып, адамдардың тіршілік әрекетімен тікелей байланысты. Ол дегеніміз жазу, оны қайту өзгерту, соқыр адамдарға стенография және жазу жүйесін жасау, ғылыми терминологияны стандарттау, машинамен аудару және жай аудару ережелерін жасау, жасанды тілдер (эсперанто, идо) т.с.с. Іргелі ғылым мен қолданбалы ғылым бір-бірімен байланысты және олардың арасында елеулі айрмашылықтар да бар. Іргелі ғылым – ол үнемі пікірталас, дискуссия, теориялық мәселелерді дәлелдеу, ал қолданбалы ғылым – ол ғалымдардың көпшілігімен қабылданған, іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйеніп практикалық мәселелерді шешеді.

(Қолданбалы тіл білімі жөнінде қараңыз: Жұбанов А. Қолданбалы тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 640б.)

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Қолданбалы    тіл  білімі нені зерттейді?

2.     Қолданбалы  тіл  білімі қандай  салалардан тұрады?      

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.     Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар /Б. Сағындықұлы, Ш. Омарбеков; Әл-Фараби атынд. Қазақ Ұлттық университеті. - Алматы: Қазақ университеті, 2011

2.     Рамазанова, Ш. Қазақ тілі: оқу құралы / Ш. Рамазанова; Әл-Фараби атын. Қазақ Ұлттық университеті. – А: Қазақ университеті, 2012

3.     Исаев , С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011

4.     Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова., 2010

5.     Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад, 2007