Автор жайлы


Семей педагогикалық институтының филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген (1988 ж.). Семей педагогикалық институтының оқытушысы (1992-1994 жж.), Абылайхан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және Әлем тілдер университетінің аспиранты (1994-1997жж.), ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мамандандырылған Ғылыми кеңесінде «Көркем әдебиет тіліндегі фразеологиялық компаративтер» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1997 ж., 14 қараша, ғылыми жетекшісі ф.ғ.д. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Б.Қалиев), Қазақстан білім беру ісінің үздігі (2000ж), 2001 ж. тіл білімі саласы бойынша доцент, Қазақстан білім беру ісінің үздігі (2000ж), Семей мемлекеттік педагогикалық институтына еңбегі сіңген медалінің иегері (2009 ж).

1992-2015 жж. университеттің қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасында доценттік қызметте еңбек етіп келеді.

Ғылыми жұмысының негізгі бағыттары - Көркем әдебиет тілі, лингвостилистика, тіл мәдениеті,қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы, фразеологиясы, қазақ тілінің поэтикасы, когнитивтік лингвистика, тілді оқыту әдістемесі мәселелерімен шұғылданып жүр.

Басты ғылыми еңбектері: 100-ге тарта ғылыми мақалалары мен «М.Мағауин шығармаларындағы фразеологиялық компаративтер» (2000 ж.) атты ғылыми басылымы, «Қазақ тілі лексикологиясы бойынша лабораториялық жұмыстар» (2001 ж.) атты әдістемелік құралы, ф.ғ.д., профессор Б.Қалиевпен бірге «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі бойынша сырттай оқитын студенттерге арналған»  (2001 ж.) көмекші құралы жарық көрді.