Тілдің тарихи дамуы.


1.  Тілдің тарихи дамуы қоғам дамуымен байланыстылығы

2.  Тіл дамуының сыртқы және ішкі факторлары

1.                Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұдан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы.

         Тіл – қоғамдық  құбылыс. Сондықтан  оның  тарихы  мен  дамуы  қоғамның  тарихы  мен дамуына  байланысты  болды. Осыдан  тілді  және  оның  даму  заңдылығының  сол  тілді  иеленушілердің  тарихымен  тығыз  байланысында  қарастыру  міндеті  келіп  туады.

         Адам баласы  қоғам  пайда болғаннан бері тіл қоғамға  қатынас құралы  ретінде  қызмет  етпей  тұра  алмайды.

2.                Тілдің  даму  заңдылықтары  жөніндегі  мәселе – жалпы  тілтану  ғылымының  күрделі  проблемаларының  бірі. Заманға, уақытқа  қатысты  болып  отыратын  тілдік  құбылыстардың  сырын  білмейінше, тілдің  өзіндік  сипатын,  мән  мағынасын  түсіну  мүмкін  емес. Тілдің  дамуы  қоғам  дамуымен  тығыз  байланыста  болады, бірақ  бұл  екеуінің  дамуы  бір е мес, әрқайсысының  өзіндік  ерекшелігі  бар. Тілде  қоғам  өмірінде  болатындай  революциялық  секіріс,  дүмпу  ескіні  жаңаның  күшпен  бірден  жоюы  сияқтылар  болмайды.

Қоғам тілдің  пайда  болуына  әсер  етеді,  бірақ  тілдің  дамуы  қоғамның  даму  заңдары  бойынша  емес,  өз  дамуының  ішкі  заңдары  бойынша  әске  асады. Тілдің  дамуы  заңдары  қоғамның  даму  заңдарына  сәйкеспейді. Тілдің  дамуы  туралы  түрлі  көзқарастар бар.

         Мысалы.  Н.Марр  тілдің даму мәселесі  жөнінде «сатылық  даму  теориясын»  ұсынды. Я.Марр тіл дамуының  әр түрлі  сатысы  бар  және  ол сатылардың  әрқайсысы  белгілі бір  қоғамдық  формацияға  сай  келеді  деп  есептеді. Ол тілдің  ескі  сападан  жаңа  сапаға  көшуі  кенет  қопарылыстар  арқылы  болады  дейтін  мүлдем  қате  көзқараста  болды.

         Кейбір лингвистердің  (ағайынды  Шлегельдер, Гумьболд  және т.б)  тілдің өткен  дәуірін – классикалық  дәуір,  ал бергі  дәуірлер   тілдің  құлау, бүліну дәуірі деп  есептеулері ешбір  шындыққа жанаспайды,  мүлдем   қате  көзқарас.

Тілдің  биологиялық  құбылыстың қатарына  жатқызатындар , мысалы неміс  лингвисті Август Шлейхер, тілдің дамуының  өсімдік  пен  хайуанаттардың  өсіп  дамуынан  айырмашылығы  жоқ деп  есептейді. 

         Тілдің  даму  заңдылықтарына  келмес бұрын, алдымен  тілдің  заңдарын – жалпы заңдар(общие законы) және  жеке заңдар(частные законы) болып  екіге бөлінетіндігін  айтып  алуымыз керек.

         Жалпы  заңдардың  қатарына  тілдің әр түрлі  құрылымдық  элементтерінің  даму  қарқынының  біркелкі  болмауын  жатқызуға  болады.

         Тіл дамуының  жеке  заңын  оның  барлық  саласымен, атап  айтқанда: лексикамен де, грамматикасыменде, фонетикасынан  да  табуға  болады.

         Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Тілдің шығуы туралы теориялар.

2.     Тілдің шығуы туралы діни ұғымдар. (Моногенез теориясы).

3.     Ру, тайпа, ұлт тілдері.

         Тапсырма: Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір    сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады. Тілдің шығуы туралы діни-аңыз әңгімелер жинақтау.

         Тілдің шығу тарихы мен дамуы.

         Қараңыз: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html

         Ұсынылатын әдебиеттер:

1.     Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010

2.     Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011

3.     Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.

4.     Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.