Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері. Үндкстік заңы және оның түрлері. Тілдегі басқа да фонетикалық құбылыстар


1. Дыбыстардың комбинаторлық  өзгерістері

2. Дыбыс үндестігі және оның түрлері

3. Қазақ тіліндегі сингормонизм заңы және оның түрлері

4. Диссимиляция құбылысы

5. Тілдегі басқа да фонетикалық  құбылыстар

 

Комбинаторлық өзгерістер тек қана сөз ішіндегі, сөз аралығындағы, сөздің мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір-бірінен алшақтап тұрған бір фонеманың екінші фонемаға ілгерінді,кейінді, кейде тоғыса келіп, тигізетін әсерінен болады. Позициялық өзгерістер белгілі бір сөздің шенінде болатын өзгерістер.Оған протеза,эпентеза,элизия т.б. жатады. Ал спонтандық өзгерістер кейбір сөздердің дыбыстық құрамы ешқандай өзгеріске ұшырамай-ақ бірнеше түргі ауысуы мүмкін.Мысалы,мысық-мышық,секер-шекер т.б.

Тіл дыбыстары,әдетте жеке-дара күйінде айтылмай, сөз ішінде немесе сөздердің аралығында бір-бірімен тіркесіп,өз ара тізбектелген түрде қолданылады. Сөздердің құрамындағы немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар біріне-бірі ықпал етіп,бірімен-бірі өз ара үндесіп айтылатыны сияқты,дауыссыз дыбыстар да бір-біріне әсер етіп өз ара үндесіп айтылады.Дыбыстардың өзгеріп үндесуі олардың айтылуда бір-біріне артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтижесінде іске асады.

Түркі тілдерінде дауыстылардың үндесуі сөз ішінде жуан дауысты дыбысы бар буыннан кейін,соған сәйкес жуан дауыстының келуі (тау-лар,тоғай-лар),жіңішке дауысты дыбысы бар буыннан кейін,соған орай жіңішке дауыстының  келуі (көл-дер,өзен-дер)түрінде болады.Ал өз(қонақ-қа,қонақ-тар) немесе ұяң дауыссыздан кейін қосымшаның да ұяң  дауыссыздан басталуы (қаз-ға,қаз-дар) дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп,өз ара үндесу болып саналады.

Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі сингорманизм деп аталады да, дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады. Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде сингорманизм де ассимиляцияның бір  түрі ретінде қарастырылады. Дауыстылардың бір-біріне әсер етіп,өз ара үндесіп айтылуы да олардың артикуляциясына байланысты екенін ескергенде, сингорманизмді ассимиляцияның бір түрі ретінде қарастырылады.

Ассимиляция ( лат.-ұқсау) морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляцияық жақтан бір-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы. Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляция өте күшті. Бұл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық жақтан ықпал етіп, игеріп тұрады.

Регрессивті ассимиляция кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсері арқылы реттеуді мақсат етеді.

Диссимиляция – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.  

Сингармонизм түрлері. Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.1) Дауысты дыбыстар тілдің қатысы жағынан және 2) еріннің қатысы жағынан бір бірімен үндесіп айтылады.

Лингвальдық сингармонизм. Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстының әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Сингармонизм заңы бойынша түбір сөздегі дауыстылар қосымшалардағы дауыстыларды билеп, өзінің әуеніне қарай икемдеп бағындырады. Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан болса, қосымшалардағы дауыстылар соған бағынып, жуан түрде жалғанады. Түбір сөздегі дауысты жіңішке болса, қосымшалардағы дауыстылар түбіірдегі дауыстыға икемделіп жіңішке түрде жалғанады.

Ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындарда да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады.     Дауысты дыбыстардың үндесуінің бұл түрін ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм дейміз.

Диссимиляция (лат.ұқсамау) дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ол бір сөздің ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.

Аккомодация (лат. accomodatio бейімделу) морфемалар жиігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. Мысалы: ат, ет, от, өт  деген сөздерде бір ғана т фонемасы дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатынын білеміз.

Дыбыстық құбылыстар жөніндегі алғашқы мәліметтер ұшқынын қарастырған ғалымдарды айтар болсақ А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов еңбектерінен кездестіреміз. Кезінде Қ.Жұбанов сөз ішінде не сөйлем ішінде буын құрамындағы дыбыстар қозғалысына қарай буын жігінің өзгерісін 1) буынның жылысуы 2) буынның кірігуі деп екі үлкен топқа бөліп көрсеткен еді. Сондай-ақ белгілі ғалымдар Ж.Досқараев, Ә.Т.Қайдаров, Ш.Сарыбаев, Т.Талипов т.б. жергілікті сөйлеу ерекшеліктеріне байланысты жазған кейбір еңбектерінде дыбыстық құбылыстар жөнінде де өздерінің ғылыми көзқарастарын білдіргендігін байқауымызға болады. Қазақ тіліндегі дыбыстық құбылыстар жөнінде ғалым К.Аханов жазған оқулықта «Фонетикалық процестер» деген атпен берілген .

Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Фонетикалық басқа үдерістердің бірсыпырасы ассимиляция мен диссимиляцияға негізделеді.Оларға мыналар жатады: Диэреза -  сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Диэрезаның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады, мысалы: «честный – чесный», «қалмады – қамады», т.б.

Метатеза – (грек.  Meafofhesis -  орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың, не буындардың  өзара орын ауыстыруы.

Протеза (грек. Proflogis -  алдына қою)  - сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: ырас – рас, ылай – лай. Редукция (лат.  Reductio -  кейін шегіну, азаю, қысқару) – дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі.  Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы – аузы. Эпентеза (грек.epenthesis – қосынды) –сөздегі қосымша дыбстың пайда болуы. Мысалы: кровать – кереует.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде  жиі кездеспейтін түрлері қандай?

2. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер туралы не білеміз?

3. Қазақ тіліндегі буын үндестігі  (Сингармонизм) дегеніміз не?
4.
Дыбыс үндестігі  (Ассимиляция)дегеніміз не?

5. Неге   диссимиляцияны (лат.ұқсамау) дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі деп қарайды?

6. Тілдегі қандай басқа да фонетикалық  құбылыстарды білесің?

      Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011

2.  Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.

3.  Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.

4.  Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011

5.  Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007

6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.

7.  Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001

8.  Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004