Сөзжасам және грамматика. Тілдің грамматикалық құрылысы


1. Сөзжасам және грамматиканың зерттеу нысаны

2. Грамматика туралы түсінік

3.Грамматика және оның салалары

4. Тілдің грамматикалық құрылысы

5. Сөз құрылысы. Морфема – сөздің ең кішкентай мағыналық бөлшегі екендігі. Түбір және аффикс морфемалар

 

Грамматика-тілдің құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны – тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері: тарихи және сипаттамалы.

Сөзжасам жаңа сөздердің жасалу жолдарын, негізгі сөзжасамдық ұғымдарды қарастырады.

Синтаксис сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қарастырадыГрамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология - сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Сөз таптары сөйлем мүшелерінен тарихи даму барысында жасалған. Сөз таптары-тарихи категория. Сөз топтастырудың үш принципі бар. Олар: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Сөздер ең алдымен үш топқа бөлінеді: атауыш сөздер,одағай сөздер,көмекші сөздер. Қазақ тіл білімінде тоғыз сөз табы бар,олар: зат, сын, сан есімдер, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш.

Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады. 

Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді. 

Морфология – сөз және олардың формалары туралы ілім. Сөздің грамматикалық мағынасы мен лексикалқ мағынасы. Жалпы және жеке грамматикалық мағыналар.     Сөз құрылысы. Морфема – сөздің ең кішкентай мағыналық бөлшегі екендігі. Түбір және аффикс морфемалар. Сөз тудырушы, форма тудырушы аффикстер.          Сөз формасы. Сөз формасы негіз бен форма тудырушы аффикстің бірлігі екендігі. Синтетикалық және аналитикалық сөз формалары.   

Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматиканың өте-мөте маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфема (немесе негізгі морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфем) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Грамматика нені зерттейді? Грамматиканың қандай салалары бар?

2.     Сөзжасам және грамматиканың зерттеу нысанына не жатады?

3.     Грамматиканың құрылысы дегеніміз не?

4.     Сөздің морфологиялық құрылымы неден тұрады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.     Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 2011

2.     Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы: Арыс, 2007.

3.     Невченко В.Н. Введение в языкознание. –Москва: Дрофа., 2008.

4.     Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011