Дүние жүзі тілдерінің әртүрлілігі. Дүние жүзі тілдері және оларға топтастыру жайлы


1.     Дүние жүзі тілдерінің әртүрлілігі

2.     Дүние жүзі тілдері және оларға топтастыру жайлы

3.     Дүние жүзі тілдері және оларға топтастыру жайлы

  Дүние жүзінде шамамен 5661 тіл бар. Жер бетінде қанша халық болса сонша тіл бар.Олардың ішінде тайпа тілдері де, халық тілдері де, ұлт тілдері де жоқ емес.Кейбір тілдер кең қолданылып, халықаралық тілдер дәрежесіне дейін жеткен. Олар: ағылшын, қытай, француз, испан, орыс, араб тілдері.

Тілдердің шығу тегі, туыстығы жағынана топтастырылуы-генеологиялық классификация. Оған тән ұғымдар: семья, топ. Семья деген термин – шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарынң жиынтығы. Ал топ деген – бір семьяға жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдіреді.

Құрылымдық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен бірге, әр басқа негіізден тараған тілдердің арасында да болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің арасында да  құрылымдық, яғни морфологиялық ұқсастық болады. Типологиялық классификация тілдері құрылымдық яғни морфологиялық ерекшелігі жағынан топтастырады. Олар: аглютинативті тип, аморфты тип, флективті тип, инкорпоративті тип.

Ареалдық топтастыру-географиялық яғни, территориялық орналасу жағынан қарастырады. Бұл топтастыру онша көп қолданыла бермейді. Бұл тек диалектология, ареалдықлингвистикада сөзболады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Дүние жүзінде қанша тіл бар?

2.     Семья деген термин нені білдіреді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.     Аханов К. Тіл білім інің негіздері. - Алматы, 2011

2.     Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.

3.     Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.

4.     Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011

5.     Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007

6.     Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.