Кіріспе


Бүгінгі жоғарғы оқу орындарының алдында тұрған басты мәселе - оқытудың дәстүрлі принципі мен заңдылықтарын қазіргі нақты талап, мүмкіндіктері мен жағдайларын оңтайландыра және шығармашылықпен қолдану арқылы негіздей отырып, кәсіби даярлығы жоғары, нарықтық интеллектуальды мәдени позицияда тұратын мамандар даярлау. Студенттерді жеке тұлға және болашақ маман ретінде дайындау қазіргі заманғы білім беру жүйесінің негізгі бір бөлігі болып саналады. Жоғарғы оқу орындарындағы Қазақстан тарихы курсының негізгі мақсаты – Отан тарихының өзекті де теориялық мәселелеріне сипаттама жасау арқылы ұлттық сана қалыптастыру. Оның міндеті алдына қойған мақсатына сәйкес еліміздің басынан өткізген жекелеген үрдістеріне байыпты талдау жасау бүгінгі күні тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Біз, кеңес заманында өз тарихымызды, бабалар жасап, кеткен тарихымызды шынайы жаза алмай, өзгелердің жазып кеткен жылнамаларына жүгінумен келдік. Бұрын өзгенің айтқанын қайталаумен болдық. Ал олар болса, біздің тарихымыздың өз мемлекетінің мүдделері тұрғысынан және өз таным-түсінігі деңгейінде жазғанына мән бермедік. Ұлы даладан шыққан айтулы тұлғалардың есімдері дәріптелмеді. Осы Ұлы даладағы өсіп-өнген халықтың тегінің тұтастығы ашылмады. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы пәніне қойылатын талаптар мен міндеттер студент жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиеленуге бағытталады. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы тарих мамандықтары бойынша екінші курста оқытылады. Оның негізгі мақсаты Қазақстан жері түркі халықтарының қара шаңырағы екендігіне тоқталу және студенттерді осы ғылым бойынша теориялық және практикалық бағыт бойынша деңгеймен қамтамасыз ету.

Осыған байланысты пән өзінін алдына төмендегідей міндеттер қояды: Егеменді Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере алатын тарих білімінің теориялық және әдіснамалық базасын жасау, қазақстан халықтарының ортақ тарихы негізінде Қазақстанды қоғамның бірігуі үшін идеологиялық базаға дайындау, ғаламдық тарихта Қазақстан тарихының өзіндік қайталанбас орны ерекше екендігін есте сақтау, Қазақстан халықтарының этногенезі, мемлекеттілік эволюциясы: тарихи фактілер мен оқиғалардың жиынтығы, тарихи сабақтастықтың қажеттілігін білуі тиіс. Оқытушының негізгі мұраты- студент жастарға тек қана осы пән бойынша терең білім беріп қана қоймай, олардың азаматтық позициясының қалыптасуына ат салысу. Пәнді игерген маман елеміздің парасаты, іскер, жоғарғы мәдениетті, патриот азаматы болуы керек. Қазақстан тарихы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі болған ел тарихындағы тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, процестерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, барлық мәселенің басқа да ғылым саласымен байланыстылығын қарастыратын ғылым.