8-Модуль. Қазақстан шаруашылығы мен мәдениеті


  1. Мал шаруашылығы. Егіншілік. Жерді иелену.
  2. Қалалар
  3. Қолөнер, сауда, ақша айналымы
  4. Дін
  5. Тіл және әдебиет
  6. Ғылым
  7. Сәулет

Сыр өңірінде мал шаруашылығы мен егіншілік те жақсы дамыды. ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы саяхатшылар мен тарихшылардың: Плано Карпини, Вильгельм Рубрук, Ибн Баттута, әл-Омари және т.б. еңбектерінде Қазақстан аумағында мал шаруашылығының ең көп тараған дәстүрлі түрі жартылай көшпелі мал шаруашылығы болғаны туралы айтылады. Соның ішінде Сырдария мен оның Қаратаудың күнгей беткейінен ағып келіп құятын көптеген салаларының алқаптарында отырықшы немесе бағымдағы тебіндеп жайылатын мал шаруашылығы дамыды. Қыстақтар мен қалалардың тұрғындары бұл жерде мал шаруашылығын суармалы және телімді егіншілікпен, ішінара балық аулаумен де ұштастырды. Мал өсірушілер бүкіл жыл бойына жайылымнан жайылымға үздіксіз көшіп жүретін. Мұнда отырықшы және жартылай көшпелі мал шаруашылығы ұштастыра жүргізілді. Көктемгі және жазғы маусымда Шығыс Дешті Қыпшақ даласына көшіп баратын ауылдар қыстау үшін Сырдария бойына қайтып келетін еді. Моңғол дәуірі кезеңінде егіншілік жанама, қосалқы салаға айналса да, ендігі жерде малшы өзі қыстайтын тұрақты орынға берік орнығып, егіншілікпен кеңінен айналысуға кең мүмкіндік алды. Мейлінше қашыққа көшіп-қону мал шаруашылығының нағыз көшпелі түріне сай келді. Шығыс Дешті Қыпшақтың далалық аймақтарының малшыларына оңтүстіктен солтүстікке қарай және керісінше бойлық бағытында, мейлінше қашыққа көшіп жүру тән еді. Көші-қон бағыттары Аралдың солтүстік маңайы, Сырдарияның орта және төменгі ағысы мен Қаратаудың баурайындағы орналасқан қыстаулардан Ұлытау жазығы, Торғай, Ырғыз, Тобыл өзендерінің аңғарларындағы жайлауларға дейінгі аумақты қамтитын.

Х-ХV ғасырларда осындай орасан зор жер аумағына иелік етіп, бір-бірімен тығыз араласып жатқан түркі тектес тайпалардың бірыңғай мәдениеті, тілі болғанын айтуымыз керек. Олардың тілі негізінен қыпшақ тілі болды. Осы тайпалардың ортақ мәдениетін қалыптастыруға әлеуметтік тәжірибелерін шыңдауда шығыс пен батысты жалғастырушы керуен жолдарының бойына орналасқан қалалардың сіңірген еңбегі аз емес.

Бұл қалалардың бірқатары жаугершілік заманда қирап, бүлініп, зардап шеккенмен кейін олар қалпына келтіріліп, жаңадан бой көтерген шаһар, кенттермен қатары өсіп, көбейіп ондағы халықтар сән-салтанатпен тұрып жатты. Сөйтіп, XIII ғасырдың орта шенінен бастап бұл жерлерде қала тіршілігі жанданып, құрылысы, шаруашылығы, мәдениеті көркейіп, олардың өмірдің барлық жақтарына ықпалы артты. Монғол шапқыншылығы кезінде зардап шеккен Отырар қаласы қайтадан қалпына келтіріліп, құлпырған қалпына түсті. Онда алтыннан, күмістен, жезден ақша шығару жолға қойылды. Ондағы күміс ақшалар тек сол жердегі ғана емес басқа аймақтарда да сауда-саттық жүргізу үшін пайдаланылды. Бұл тұста мұндай ақша шығару Жент, Кенже сияқты қалаларда да іске асты. Ақ Орданың билеушісі Ерзен хан (1320-1344) Отырар мен бірге Сығанақ қаласын қалпына келтіріп көркейтуге, Сауран, Кент, Баршынкент шаһарларында жаңа құрылыстар салдыруға көп күш-жігер жұмсады. Осы тұста кірпіш күйдіретін шеберханалар іске қосылып, оларда дайындалған кірпіштерден мешіт, медреселер, басқа да осындай сәулетті құрылыстар салына бастады. Мәселен Отырарды қазған кезде онда күйдірген кірпіштен салынған аса ірі мешіттің қаңқасы

Бұл жерлерді жайлаған елдердің ертедегі тұрғындарынан кейінгіге мирас, мұра болып қалған баға жетпес асылы - киіз үй

Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес. Кесене – діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.

Сәулет өнері – Х – ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендеген, дәлел Тараз қаласының маңынан 18 ш жерде салынған Айша Бибі, Бабаджахатын сияқты сәулет өнерінің ең тамаша туындысы, әрі қарай өркендеуіне Монғол шапқыншылығы үлкен зиян тигізді. Дәлел ХІІІ-ХIV ғасырларға дейін құрылыс нысандары салынбаған. Ал ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған . мысалы бізге жеткен тамаша сәулет өнері Арыстан баб Қ.А.Иасауи, Көккесене, Алаша хан т.б. кесенелер жатады. Арыстан баб кесенесі Отырардың Батыс жағында 3 км жерде Сырдария өзеніне жақын жерде орналасқан.

XIV-XV ғ аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнері - Қожа Ахмет Иасауидің кешенді кесенесі. Қожа Ахмет исі мұсылман дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушысы, ақын. Кесене ОҚО Түркістан қаласының орталығында орналасқан. Тарихи деректерге жүгінсек 1397 жылы Әмір Темір салдырған, негізгі мақсаты Қожа Ахметтің мұсылмандар арасындағы беделін көтеру, пір тұтушылардың сеніміне ие болу. Аумағы 46,5х65,5м биіктігі 37,5 м, алдынғы беті шығысқа қараған, екі беті күмбезді 35 бөлмеден тұрады. Ең үлкен орталық бөлмесі 18,5 х 18,5 м, ортасында 1399 жылы жасалынған үлкен Тайқазан тұр. Ең негізгі бөлмелердің бірі кітапхана мен Оңтүстік үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай. Оларда атақты адамдар жерленген.Ең басты бөлмесі Көрхан деп аталады, онда Ахмет Иасауидің мүрдесі қойылған. Кесененің сырты әйнек, сырлы құйма кірпіштермен қапталған., қабырғалары түрлі өрнектермен әшекейленген. Көрханның үстіне қатпарлы күмбез тұрғызылған.

ХІІІ-ХҮ ғасырдағы Алтын Орда дөуірінің әдеби мұраларына жататын бұдан басқа да кептеген туындылардың бар екенін айту керек. Ақын Хорезми жазған «Махаббат наме» солардың ішіндегі шоқтығы биік шығармалардың бірі. Алтын Орда ханы Жәнібектің түсында өмір сүрген Хорезми сол Жәнібектің Сыр бойындағы өкімі Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойьшша 1353 жылы осы дастанды жазған. Оның Лондондағы Британия музейінде сақтаулы тұрған екі нұсқасы бар. Дастанның мазмұны мен бүкіл болмысы бүгінгі жұртқа сол нұсқалар арқылы жетіп отыр.

ХІІІ-ХҮ ғасырларда өмірге келген түрік тектес тайпалардың он сан ноғайлы кезеңінің музыкалық мөдениеті халқымыздың рухани тіршілік тынысының ажырамас арналарының бірі болды. Неше түрлі музыкалық аспаптарды - домбыраны, қобызды, сырнайды, сыбызғыны тағы басқаларын жасай білген халық оларда орындалатын өмірмен өзектес, тыңдаушысына рухани лөззат сыйлайтын небір тамаша күйлерді де шығара білген. Олардың басым көпшілігі халықтың, елдің өміріндегі белгілі бір оқиғаға әртүрлі әлеуметтік жағдайға байланысты шығарылған. Сонымен бірге олардан қоршаған орта, жан-жануарлар дүниесінен бастап, адамдардың өнегелі өмірі, қуаныш шаттығы, күйініш зары, салт санасының күйдің қүдіретті сазына айналғанын көреміз.

ҮІІІ-ХУ ғасырларда шыққан Асан қайғының «Ел айрылған» күйі, Қазтуғанның «Сағыныш» күйі түркі тілдес тайпалар іріктеліп, ноғай, қазақ айрылып тұтас бір халықтың, қазақ халқының өмірге келуі карсаңындағы толғақ күйі іспеттес. Олардың бұдан да басқа да күйлері болғаны туралы да айтылады. Бірақ олар бізге жетпеген.

Қазақтың ауыз әдебиеті белгілі бір кезеңнің өмірдегі суреттерін, оқиғаларын, халқының басынан өткен жағдайларын көркемсөздің әртүрлі жанрында баяндап бере білген. Оның маңызды салаларының бірі -батырлар жыры. Қазақтан шыққан қорқу, сескенуді білмейтін тұлғалы батырлардың жеңісті жорықтарын жыр ететін ноғайлы дәуірінде қалған қисса жырлар сияқты дастандар халқымызда өте көп жөне олар соншалықты тартымды қызықты өрнекті болып келеді. Мұхтар Әуезов: «Қазақ әдебиетінің өрнектілігіне толық дәлелдер батырлар өлеңінде бар. Қазақ батырлары бәрі бір қалыпқа соққандай барған жерін қырып келіп, жойып келіп үнемі жолы болып отырды. Хазірет ұлы Сейтбатталша батыр емес. Бұларда қазақ мінезі толық бар деуге болады. Қазақ батырларындағы негізгі мақсат: алдымен ұлтшыл болу, одан әрі діншіл болу - дейді». Батырлар жырындағы шепті жарып, шеңбер бұзған еңселі ерлердің басты қасиеті еліне жеріне деген сүйіспеншілік, отаншылдық. Бұл қасиеттер Едіге, Алпамыс, Ертарғын, Кобыланды, Қамбар, Ер Қосай, Төрехан, Ер Сайын, Телағыс,Шора сияқты ежелгі қазақ даласында атақ даңқы ауыздан ауызға тарап ерлігі жұртты тәнті еткен батырлардың бәріне тән.

Жалпы Ислам дінін қабылдап, мұсылман боламын деген әрбір қазақтың ол діннің тарихын, ол дін жөніндегі қазақтың қайталанбас ұлылары - Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың рухани мұраларын біліп, түсініп, солар сілтеген жолмен жүріп білімді, ғылымды игеру арқылы дінге барғаны дұрыс болады. Өйткені, Абай айтқандай, ғылымсыз ақірет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза (ораза), қылған қажы (қажылық) ешбір ғибадат орнына бармайды.

Алашахан кесенесі – ХIV – XV ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты бір ескерткіші. Б.з.д ІІ-І ғасырда өмір сүрген. Алаша хан көне қытай, араб деректерінде де есімі аталатын тұлға. Ұлытау жерінде Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Кесене Х –ХІ ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы, ерекшелігі далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалынған, іргесі текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Ондағы өрнек Орта Азияның сәулет өнерінде кездеспейді. Сырты қазақтың дәстүрлі ою – өрнегі, таңдай, жүрекше оюларымен безендірілген.

Көккесене – Ақ Орданың астанасы болған Сығанақ қаласының маңында Төменарық деген жердің Солтүстік Батысында 8ш жерде орналасқан бір күмбезді кесене. Сырт беті кілем сияқты өрнек үлгісімен жасалған. Өкінішке орай бүгінгі күні тек жұрнағы ғана қалған.

Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі - XV ғасырдың екінші жартысында салынған. А.Иасауи кесенесінің Шығыс жағынан 60м жерде орналасқан, 5 бөлмеден тұрады. XIX ғасырдың соңында қираған. Төбесіндегі күмбезі Иассауидің кесенесінің ішінен табылған. Қалай келгені белгісіз. 1485 жылы қайтыс болған ол Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екені жазылған. 1895 ж қараусыздықтан бұзылып кеткен, қалған бөлігі 1950- 1957 ж археологиялық қазба жұмыстарынан кейін кірпіштері Ахмет Иасауи кесенесіне жөндеуге жұмсалған деген дерек бар. Зерттей келе кесененің астыңғы сағанасында 5 адамның мүрдесі табылған. Ортасындағы Рабияның мүрдесі деген болжам бар.

Қолданбалы өнер - өнер атаулының ішіндегі ең күрделісі, үлкен шығармашылықты қажет етеді. Кез келген сәулеттік құрылысты жасаған соң әрленуіне көңіл бөлу керек, болмаса шыққан шығын зая кетеді. Сондықтан құрылысшылар әдемілеуде қолданбалы өнерді пайдаланған.Жаңа үлгілері қалыптаса бастады, күмбез шатыр пайда болды. Күйген кірпіштен бір жағын түрлі-түсті әйнек сыр жағылған кірпішті пайдаланды. Оның сыры әлі күнге ашылмаған. Орта ғасырдағы құрылыс материалдарының сапалы жасалуынан сәулет өнерінің жоғары деңгейде болғанын көреміз.

Қазіргі таңда ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы сәулет өнері туындыларынан монументтік ғимараттар ғана сақталып қалған. Таразда орналасқан түркі қолбасшысы Дәуіт бектің кесенесі өте ертеде салынған ескерткіш болып табылады. Мұнда XIV ғасырда құрылған тағы да екі кесене болды. Олардың бірінде сәулеттік нақыш үзінділері сақтап қалынған, келесісі ХІҮ ғ. 80 жылдарында салынған сурет бойынша ғана белгілі.

ХІҮ-ХҮ ғасырлар тоғысында салынған сәулет өнерінің тамаша бір үлгісі - Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Сарайдың үзындығы-65,5 м, ені-45,5 м, аркалы порталдарының биіктігі-37,5 м. Осы бір мемориалды кешен қабірханадан және өзге де түрлі қызмет атқаратын бөлмелерден құралған.

Кесене сопы Яссауи жерленген орынға қолбасшы Ақсақ Темірдің әмірімен салынған. Ұлы Әмір Темір мұнда көшпелі халықтың назарын ұлттық киелі орынға аудара білді, ислам дінін ұстанатын халықтардың рухани бірлігін корсетті, сонымен қатар өз империясының орасан зор алып қуатын әлемге паш етті.

Сүйекпен безендіріліп, оюлар салынған 18,5 х 18,5 мөлшердегі есіктер ең үлкен бөлмеге жол ашады. Залдың ортасында адам бойына тең келетін қоладан жасалған қазан тұр.

Әдістемелік нұсқау: ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы саяхатшылар мен тарихшылардың: Плано Карпини, Вильгельм Рубрук, Ибн Баттута, әл-Омари және т.б. еңбектерінде Қазақстан аумағында мал шаруашылығының ең көп тараған дәстүрлі түрі жартылай көшпелі мал шаруашылығы болғаны туралы деректерді саралау. Қолданбалы өнер, дін, қазақ әдебиеті, сәулет өнері туралы, ХІІІ-ХҮ ғасырларда өмірге келген түрік тектес тайпалардың он сан ноғайлы кезеңінің музыкалық мөдениеті халқымыздың рухани тіршілік тынысының ажырамас арналарының бірі болғаны туралы мәліметтерді қарастырыңыз.