13-Модуль. ХVII ғ. бірінші жартысындағы Қазақ хандығы


Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы Қасым 1445 жылы шамасында туған. Оның Жаһан бегім есімді анасы Шайбани ханның бауыры Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңлісі болатын. Уақыт қастерлі қасиетке айналдырған үлкенге бағыну дәстүрін ұстанған нағыз дала ұлы ретінде Қасым сұлтан әкесінің үлгісі бойынша бастапқыда барлық жағынан Бұрындық ханның айтқанынан шықпай, бас иіп жүрді деп жазды Мырза Хайдар. Шынында да, Шайбани ханның қазақ билеушілерімен хv ғасырдың 80-жылдарындағы соғыстарын суреттеуге байланысты деректемелерде Қасым сұлтан Қыпшақтың белгілі сұлтандары мен даңқты баһадүрлерінің бірі және Бұрындық ханның атты әскерінің басшысы делінген. XVI ғасырдың басына қарай Қасым сұлтанның жеке билігі қатты күшейді. Қасым сұлтанның күшеюін оның ағасы Әдік (Атик) сұлтанның Шайбани хан 1503 жылы Ташкентті басып алғаннан кейін көп ұзамай қайтыс болуымен байланыстыратын Мырза Хайдар Жәнібек хан ұлы жағдайының нығаю себептері жайлы ешнәрсе айтпайды. Қасым сұлтан хандықтағы билік пен инициатива іс жүзінде өз қолында екенін білгенімен, көреген саятшы ретінде ол сақ болды, жағдай мәселенің шешілуін тездетуге мүнкіндік беретін жерде шыдамдылқпен андай білді. 1510 жылы шайбанилер Қасымның ұлысына шапқыншылық жасаған кезде-ақ оның билігі жоғары болғаны сонша, Бұрындық хан жөнінде ешкім ойына алмаса да, ол әлі хан атағын алмаған еді. Бірақ ол (Қасым) Бұрындық ханға жақын жүргісі келмеді, өйткені жақын жүріп, тіисінше құрмет көрсетпесе, ханға қарсы шыққандық болар еді, ал оған бағынуды жаны каламады, сондықтан да ол Бұрындық ханнан аулақ жүруге тырысады. Ерте дегенде 1511 жылдын күзінде Бұрындық хан манайындағы бір топ адаммен бірге Мауараннахрға кетті. Хандықта жоғары билік Жәнібек ұрпағына көшті олардын ішінде бірінші болып оның ұлдарының ең дарындысы Қасым сұлтан хандық құрды. Бұрындық ханның Шайхым, Санжар-Жаһан, Жаһан-Бақты, Кімсін деген төрт ұлы және бірнеше қызы болған. Оның Дәдім ханым деген бір қызы Жәнібек ханның немересі, болашақтағы қазақ ханы Шығай сұлтанға ұзатылған. Басқа үшеуі XV ғасырдың 90-жылдарында Шайбани ұрпақтарына: біреуі –Мұхаммет Шайбани ханға, екіншісі - Шайбани ханның інісі Сұлтан Махмұдқа, үшіншісі Шайбани ханның ұлы Темір сұлтанға күйеуге берілген еді. Шайбаниледің аяусыз женіліс табуы. Қазақ әміршілерінің жауап ретінде басып кіру қаупі Шайбанихандык қазақтар көшіп жүретін қоныстарына шекаралас иеліктерін күзету үшін жауынгерлік қосындар ұстауға мәжбүр етті.

Иран шахы Исмайл әскери айлакерлікпен қақпанға түсірген Мұхаммед Шайбани ханның Мерв түбінде қаза табуының (1510 жылғы қараша) егжей¬- тегжейі өзбек ханы әскерлерін қызылбастардың толық талқандады, Бұқарада Самарқандта және Түркістанның бірқатар қалаларында биліктің бірсыпыра уақыт Темір ұрпағы Бабырдың қолына көшті, Әбілхайырхан ұрпақтарының Ясыға кетті. Бұл жағдайларды Қасым хан өзінің Оңтүстік Қазақстанға билігін нығайту үшін пайдаланып қалуды қалт жіберген жоқ. Көп кешікпей Сыр өңірінің ең оңтүстіктегі қаласы Сайрам қазақ ханының қол астына көшті, сөйтіп ол Ташкентті қаратып алуға әрекет жасады.

1512 жылы Шайбани ханның немересі Убайдолла сұлтан Құл-Мелик маңындағы шайқаста Бабырды жеңіп шықты; Бабыр Қабулға қайтып барып, сонан соң одан әскерімен Үндістанға аттанды, ол онда «Ұлы Моғолдар» мемлекетінің негізін қалады. Қашып кеткен Бабырдың Сайрамдағы әкімі Қаттабек шайбанилер әскеріне қарсылық көрсетті, алайда қаланы ұстап тұруға күші жетпей, оны қазақ ханына бермекші болып шешті. 1513 жылы ерте көктемде, Қасым хан Қараталда (Жетісуда) болған кезінде оған Сайрамның бір топ атақты қала тұрғындары барып, оны Қаттабектің атынан қалаға кіруге шақырды. Қасым хан «Моғолстан шекарасындағы» өз қонысынан ірге көтеріп, Талас алқабы арқылы Түркістанға асығыс аттанды. Қаттабек Сайрамды соған берді. Сүйінші хан Ташкент бекінісіне бекінді. Қасым хан Ташкент бекінісіне барып, оның алдында бір түн тұрды. Сонан соң ол Ташкент төңірегін тонап, қолға түскеннің бәрін алып кетті. Одан әрі ол Сайрамның төңірегіне жақындап, мүлік пен мал санын есептеумен айналысты. Қасым хан Ташкентке жақындап келгенде, Сүйінші-Қожа хан оған әскерімен қарсы шықты. Қиян-кескі шайқас болды; Қасым хан атынан құлап түсті, бірақ қызу шайқас үстінде қарсыластары ханды танымай, оның өмірін осы жағдай сақтап қалды.

Мұхамед хайдар Дуғлаттың айтуынша, монғолдар ханы Сұлтан Саид Қасым ханның Ташкентке аттанғанын естіп, онымен бірлесіп қимылдау үшін қалаға жетуге асыққан. «Ферғана мен Ташкент уәлиаттарының арасындағы» Кендірлік деген тау асуында Қасымның қайтып кеткені туралы хабар алған Саид хан Ташкентке жалғыз барудан бас тартып, кері қайтқан. Сол 1513 жылы күзге қарай ол Шу өзеніндегі Қасым ханға барып, қазақтар ханын Шайбани ұрпақтарына жаңа жорық жасау қажет екеніне көндірмекші болды. Бірақ Қасым сыпайы түрде бас тартты. Мерв жеңілісінен кейін болған оқиғалардың барысында Шайбани ханның ұлан-байтақ орнында екі мемлекет: біреуі басты қаласы Самарқанд, содан соң Бұхара болған Мауаранахр және орталығы әуелі Үргеніш содан соң Хиуа болған Әбілхайыр ханның ұрпақтарына тәуелсіз Арабшах ұрпақтарының хандығы құрылды. 1954 жылдың көктемінде Шағатай ұрпағы Саид хан Жетісудан шығып, шамамаен 5 мың адам болатын қосынымен Қашғариға басып кірді. XVI ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан қазақтың кең байтақ далалық жерінде өз үстемдігін нығайтып алды.

Қазақ хандығы сол кездегі халықаралық қатынастарға біртіндеп тартыла берді. Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыстар жасаған алғашқы мемлекеттердің бірі Ұлы князь III Василий басқарған Москва мемлекеті болды. Есім ханның билік еткен соңғы жылдарындағы қазақ билеушілерімен шайбанилердің өзара қатынастарына келер болсақ, олар шиеленіскен және әсте де бейбіт емес қалпында қала берді. Шайбанилердің Қыпшақ даласына бірлесіп жасаған бұл жорығы айтылған уақытына қарағанда, тегінде, Қасым хан билік еткен соңғы кезеңге сәйкес келеді. Есім ханның Мамаш және Хақназар деген екі ұлы болғаны мәлім, екеуі де хан болған. Фольклор материалдарына қарағанда, бір қызы атақты ноғай мырзасы Шайх-Мамайға күйеуге берген. Оның екінші қызы Шайбани Убайдолла сұлтанға ұзатылған. Қазақтардың халық аңызында «Есім ханның ескі жолы» ретінде белгілі заңдардың жасалуы Есім ханның есімімен байланыстырылады.Есім хан тұсында едәуір нығайғанына қарамастан, қазақ хандығы дегенмен де орталықтандырылған мемлекет болған жоқ. Бұл ол қайтыс болғаннан кейін бірден байқалды, ол кезде сұлтандар мен басқа да феодалдардың оқшаулануы айқын аңғарылып, өзара қырқыс басталды. Өзара тартыстың теріс зардаптары хандықтың жағдайына сыртқы саяси жағдайдың қолайсыз болуы кезінде ерешке қатты әсер етті. Қазақ әміршілеріне қарсы монғол және өзбек хандарының одағы құрылды.

Әдістемелік нұсқау: Жәңгір хан (1635 -1652жж). Есім ханның баласы тұсында билердің (қазақтың рулық ақсуйектерінің өкілдері), батырлардың (әскери ақсүйектер) ролі арта бастауын талдаңыз. Жоңғарлық әскери қоғамдастықтың , ал 1635 жылдан қүрылған Жоңғар хандығының қысымына қарсы күрестің басталуы, Салқам Жәңгірдің 600 әскерімен жоңғардың 50 мың әскерін талқандаған үлы ерлігінің казақ тарихындағы ерекше орнын ( Орбүлақ шайқасы ) ашып көрсетіңіз.