14-Модуль. ХҮІІ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы


XVII ғасырдың аяғында Қазақстан аймағында хандықтар құрылды. Олардың әр қайсысы сұлтандардың, жеке ірі феодалдардың иеліктеріне бөлінді қазақ хандықтарының күрделі мемлекеттік аппараты болған емес басқару мақсатында феодалдық қатынастарға бейімделген патриорхалдық институттар бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Жалпы бұл кезде қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Үш жүздің халқы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы «Ұлы хан» болды.Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпалық билер, ру басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды.

Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен ұлы отырады. Хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа басшыларының құрылтайында «хан көтеру» деп аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды.Жиында хан болуға лайвықты адамды ақ киізге отығызып, 3 рет хан көтеріп, «хан атасы» болған беделді адамның батасын алғаннан кейін, ресми заңды хан тағына отырған. Хан мемлекет басқарушысы қарулы күштердің басшысы және жоғарғы төре саналады. Сұлтандар мен билер ханға бағынады. Жеке әскер шоғырларын сұлтандар, билер, батырлар басқарады.

Қазақ феодалдық таптық қоғамда адамдардың мүліктік жағдайына қарай бай кедей деп бөлу орын алды. Қоғамның материалдық байлықты өндірушілер халықтың көпшілігін құраған қазақ шаруалары еді. Халықтың көпшілігі кедейлер, олар жатақтар деп аталады. XVI- XVII ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық қатынасын патриархалдық қарым-қатынас деп санайды. Ру-тайпа ақсүцектері көшпенділердің арасында жерді, жайылымды пайдалануға іс жүзінде құқығы болмады. Қазақ жерлерінің жоғарғы басқарушысы хандар болатын.Олар тек Шыңғысхан ұрпақтарынан шыққан, өздерінің сұлтандарымен бірігіп билік жүргізді. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, Қазақстанның оңт. Аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Қарапайым халық қатарына шаруалар, малшылр, егіншілер, қолөнершілер, ұсақ саудагерлер, жатақтар кірді.Батырлар қазақ қоғамының әлеуметтік тәртібінде маңызды рөл атқарды.

Батырлар институтында өзгерістер болды. Бұл әскери сословиенің ерекше әлеуметтк тобы. Ақсүйек сұлтн, би, хан төңірегіндегілердің кез келгені батыр бола алатын. Батыр деген сөз «қара халық» деген мағынаны білдіреді. Кейбір билердің билігі елеулі болды және олар сұлтандармен санаспады. Қазақ қоғамында үстемдік етуші сословиелер ішінде қатты қайшылықтар болды. Бұл Есімханға оның билігі артуында тежеу салды. Өзі билік еткен жылдарда Есімханның жоңғар факторымен үнемі санасып отыруына тура келді. XVII ғасырдың басында жоңғарлардың көшіп жүрген қоныстары Ертістің орта бойы мен бас жағында, Қамыстыда, Тобылдың, Есілдің жоғарғы ағыстарында шашырап жатты. Жоңғарлардың басым бөлігі батысқа көшіп кеткеннен кейін көп кешікпей қазақ ханы Есімхан қайтыс болады. Оның ұлы Жәңгір хан болып сайланады. 1615 ж. Жоңғар хандағы қалыптасады, қазақ-жоңғар соғысы басталады, шабуыл жасаушы Жақ батыр қоңтайшы бастаған жоңғар хандығы еді. Жәңгір бастаған қазақ жасақтары жоңғар тайшыларына қарсы шайқасқа шықты, бұл күресте Жәңгір тапқыр әрі дұрыс айла тәсіл қолданды.

1643-47ж.ж. қазақ-жоңғар соғысының қазақ қоғамы үшін зор маңызы болды. Қоғамдық санада жоңғар жаулап алушыларына ұзаққа созылған күресте жасақтарды дұрыс ұйымдастыру, бір орталықтан басшылық жасау, қол үшін беру қажет деген идея орнықты. Өткен уақытпен салыстырғанда қалалардың саны 20 ға дейін, ескі қалалар орны 23 ке дейін қысқарған.Қалалардың территотияларының қысқарғандығы Сайрамнан, Үзгенттен, Созақтан байқалады .Орталық магистральді көше солтүстік және оңтүстік қақпеларды жалғастырды, айнаома көше қаланы тура қабырғалары сыртынан орағытып өтті. Отырарда XVI- XVII ғ.ғ. 30 астам кварталдар ашылды.Солардың әрқайсысы 6-12 үйден тұрды. Қала құрылымындағы қоғамдық құрылыстар қатарына бұрынғыдай қоғамдық монша жатқызылды. Сауран қабырғасы шикі қыштармен кездестіріліп, қаланған жайпақ тастардан тұрғызылған. XVI- XVII ғ.ғ. пәтер-үйлері алдыңғы уақыттағы үйлерді дамыту бағытын жалғастырады.Отырар, Түркістан, Сауран қалаларының ескі орнынан XVI- XVII ғ.ғ. Қытай фарфорлары, Ресейлік мыс теңгелері табылды. Қалалар мен отырықшылық мәдениетінің дамығандығын сипаттай отырып, оның дәстүрлігін және ертеректегі уақытына дейін мәдени сабақтастығын ортағасырлық қалада жасалғанының көбі қазақ халқының мәдениетіне табиғи бөлік болып енгенін атап көрсеткен жөн. Жәңгір Бұқара әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасасуға көндірді. Жәңгір хан шебер саясатшы, батыл, ержүрек жауынгер қолбасшы еді. Оның тұсында қазақтармен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болды: 1635 жылғы , 1643 жылғы, 1652 жылғы

1635 жылғы шайқаста Жәңгір жоңғарлардың қолына түсіп, тұқыннан қашып шыққан. 643 жылғы шайқаста Жәңгір хан сарбаздарымен, ойраттардың 50 мың әскерімен ерлікпен қарсы тұрды.1652 жылғы шайқаста Жәңгір хан ойраттармен үлкен шайқаста қаза болады.1680 жылы Қазақстан жеріндегі хандықтардың билігі Жәңгірдің баласы Тәуке ханға көшті. Ол өзін жақтайтын феодалдардың, ел силаған билердің қолдауына сүйене отырып, халықтың, елдің бірлігінің туын жоғары ұстады.

Тәуке хан өз төңірегіне Ұлы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаздауысты Қазыбекті, Кіші жүзден Әйтеке биді қызметке тартты. Тәуке хан өкіметтің билігін көтеруге оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолданды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген атаумен қазақ қоғамындағы әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы құрастырылды.Бұл заңның әрбір бабы сол заманның талаптарына сай келеді. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, салықтар, жер дауы, құн дауы ережелері енгізілді. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор болды.

Әдістемелік нұсқау: Тәуке ханның Ресеймен Қарым-қатынастары жақсарып, оған арқа сүйемек болып жасаған әрекеттері саралаңыз. Халықтың күнделікті тіршілігіне үлкен зиян келтірген жоңғарлардың казақ жеріне жорықтарьшың (Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіруі) жиілеуі, 1710 жыл - Жоңғар баскыншыларына карсы күресте күш біріктіруге арналған жүздер өкілдерінін Қарақұмдағы съезі (Тәуке ханның басшылығымен), 1710-1713жж - жоңғарлармен күрестегі женістерін талдау қажет.. 1714 жылдан жонғарлардың қазақ жерінің ойран-топыран шығарған шабуылдары, 1717 жыл - Тәуке ханның Ресейден әскери көмек сұрауын талдаңыз.