15 – Модуль. ХV-ХVII ғасыр Қазақ хандығының мәдениеті


Қазақ хандығының мәдениеті – көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында, орналасатын. Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге (Жетісудан басқа жерлерде) көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайларымен тарихи дәстүрлерге, ал көшіп барып қонатын жерлерді таңдап алу, көбінесе халықтар арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастардың бар-жоғына, саяси жағдайларға байланысты болды. Малдың негізгі түлектері қой, жылқы және түйе еді. Бұлар халықтың тұрмыс-тіршілігіне бірден-бір қолайлы түлектер. Мұндай мал халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге керек материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Әрине, мал бағу ауыр еңбекті, төзімділікті және өмірге икемділікті талап етті. Сонымен бірге ол кезде мал шаруашылығының табиғаттың дүлей құбылыстарына түгелдей тәуелді болғанын да айту керек. Жем-шөп дайындау жүргізілмейді, қыста мал тебіндеп жайылды. Міне, осыған байланысты қыс сұрапыл қатты болған жылдары малдың жаппай қырылуы (жұт) жиі кездесетін.

Мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп қалатын. Қазақ халқының өмірі ілгері басқан сайын мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті. Қолайлы жылдары мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдіріп отырған. Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ-киім, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын.

Қазақ хандығы – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы- мен айналысқан феодалдық мемлекет болды.Оның көшпелі және жартылай көшпелі далалық өңірінде патриархалдық – феодалдық қатынас басым болды, ал отырықшы, егінші аймақтарда феодалдық қатынас қалыптасты. Қазақ хандығында облыстық басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар бойынша) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болды. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Ол қазақ хандығына бағынды. Хан – қазақ хандығының азаматтық, әскери, әкімшілік және сот құқын қолына ұстады.

Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды билер, руларды ру басылары, аймақтарды (аталар) ақсақалдар, ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Бұл жеті сатылы басқару жүйесі көшпелі екінші қазақ қоғамында тым ертеден келе жатқан тәртіп болатын.

Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар далалық өңірлерде қой, жылқы, түйе және сиыр өсірді. Мал – жылдың төрт маусымында табиғи жайылымдарда бағылды. Талай ғасырлық тәжірибеден туған шаруашылық басқару тәсілі жайылымдарды маусымға қарай пайдалану тәртібін қалыптастырды.

Бұл: жаздағы жайлау, қыстағы қыстау, көктемдегі көктеу, күздегі күзеу. Көшіп-қону өрісі түрліше болды, малы көп, әсіресе түйесі мен жылқы- сы бай малшылар алысқа көше алды (кіші және орта жүз жерінде жылына 700-1000 шақырым артық жерге көшіп отырды), 200-300 шақырым жерде әр түрлі жайылым жерлер кездесіп отыратын Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда көшіп-қону әлдеқайда шағын болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Басқа рулар қол сұға алмады. Малдың дені қой мен жылқы болды. Қазақтар көбінесе еті семіз, қылшық жүнді, құйрықты қойлар өсірді. Қой еті негізгі тамақ болды. Қойдың сүтінен құрт, ірімшік, сүзбе, айран, сары май алды. Қой ең бағалы шикізат -–жүн, тері, елтірі өнімдерін берді. Оңтүстік Қазақстан өңірі ертеден бері егіншілік мәдениетінің бесігі болған орын. Қазақ хандығы тұсында бұл аймақтардың дәстүрлі егін шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды.

Сырдария Арыс, Шу, Талас өзендерінің алқабында суармалы егін шаруашылығы жақсы жолға қойылды. Өзен суларын тартып жер суландыратын каналдар мен арықтар болды. Қазақ егіншілері арпа, бидай, жүгері екті. Егіншілік саймандары тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды. Үй кәсібі мен қолөнер дамыды. Өрмек тоқу, тері илеу өнері, қойдың жүнінен шидем, түйенің жүнінен шекпен тоқылды. Ұсақ мал терілерінен тон-шалбар, жарғақ киім жасалды. Ірі қара терілерін илеп, кебіс-мәсі, саптамалар тігілді. Торсық, саба істелді. Киіз басу, текемет, сырмақ жасауға қой жүнін пайдаланды. Мүйізден қасық, түйме, шақша жасады.

Кебек хан Шағатай мемлекетін бір орталыққа бағындыруға және оның саяси-шаруашылық жағдайын нығайтуға ұмтылды. Шағатай мемлекетін құрайтын аймақтардың (‘’батысында – Мауераннахр, шығысында – Жетісу және Шығыс Түркістанның бір бөлігі) бір тұтас экон. және этн. бірлігінің болмауы, сондай-ақ, өзара қырқысушылық салдарынан туған шаруашылық дағдарысы Шағатай мемлекетінің әлсіреп, ыдырауына әкеп соқтырды. Кебек хан мемлекетті нығайту жөнінде бірқатар шараларды жүзеге асырды. Ол, негізінен, өз мемлекетінің батыс бөлігінде қала өмірін жандандырып, егін шаруашылығын өркендетуге шұғыл бетбұрыс жасады, қираған қалаларды қалпына келтіріп, жаңа қалаларды салуға көңіл бөлді. Кебек хан мемлекеттің саяси-әкімшілігі орталығын шығыс аймақтан (Алмалықтың жанынан) Мауераннахрға (Қарши) ауыстырды. Экономиканы жандандыру мақсатымен Кебек хан 1321 жылы ақша реформасын жүргізді: Хулагу әулеті билеген Иран мен Алтын Орданың теңге жүйесі тектес бірегей теңге жүйесі енгізілді. Кебектер деп аталған үлкен күміс динарлар мен ұсақ дирхемдер (1 дирхем – 1/6 динар) жалпы мемлекет теңгелерге айналды. Шағатай мемлекетінде теңге жүйесін қалыпқа салу жөнінде Кебек ханнан бұрын да қаракет жасалған болатын. Мыс, Масудбек 1271 жылы бүкіл мемлекетке бірдей күміс теңгелер соқтырған. Бұған дейін 13 ғ-дың орта шенінде көптеген қалалардың теңге сарайларында, солардың ішінде Отырар, Тараз т. б. қалаларда тек жақын аймақтарда қолданылған жергілікті теңгелер соғу қалпына келтірілді. Мемлекеттің шығыс бөлігінде, Алмалық қаласыннда соғылған алтын динарлар мен күміс дирхемдер айналымда болды. Алайда, ішкі саяси әлсіздік, өзара қырқыс-тартыс, экономика бірліктің болмауы, т.б. кедергілердің салдарынан 1321 жылғы реформаларды жүзеге асыру қиынға түсті. 5 жыл өткен соң Кебек хан мемлекетте теңге жүйесін бір қалыпқа келтіруге мәжбүр болды және ақша реформасы арқылы сауданы жандандыруды, шаруашылық жағдайын жақсартуды, алым-салық жинаушылардың, саудагерлердің қылмысының алдын алып, мемлекеттің қаржы жағдайын нығайтуды көздеді. Кебек хан жүргізген ақша реформасының Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда қалаларды өсіріп, шаруашылықты өркендету үшін зор маңызы болды. Сонымен қатар, бұл реформа Мауераннахрдың көрші аймақтармен, соның ішінде Дешті Қыпшақпен сауда байланысын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Кебек хан әкімшілігі реформасын да жүзеге асырған. Ол билік құрғанға дейін хандар Шағатай мемлекетін алыпсатарлар және шенеуніктері – даруға мен басқақтар арқылы басқарды. Бірқатар қалаларда, соның ішінде Оңтүстік Қазақстандағы қалаларда жергілікті билеушілер – меліктер мен садрлар қалды. Кебек хан мемлекет басқару ісін тікелей өз қолына алды және елді ұсақ әскери-әкімшілігі және салық төлейтін округтерге – түмендерге бөлді. Бұрынғы иеліктер түмендерге, ал олардың билеушілері түмендердің мирасқорларына айналды. Бірақ көптеген түмендер Кебек ханды қолдаған және Мауераннахрға онымен бірге келген көшпелі моңғол-түрік ақсүйектеріне еншіге берілді. Кебек ханның реформасы мемлекетті өркендетуге едәуір әсер етті, әйтсе де ол бытыраңқылықты жоя алмады. Кебек ханның реформалары мемлекеттің шығыс бөлігінің экономика және саяси өміріне айтарлықтай өзгеріс енгізе алмады. Жетісуда 14 ғ-дың бас кезінде қала өмірі мен егін шаруашылығы түгел дерлік жойылып біткен еді. Шығыс Түркістан аймақтарының экономика және саяси дербестігі бірте-бірте күшейе түсті. Шағатай мемлекеті ыдырай бастады. Кебек хан қайтыс болғаннан кейін әскери-көшпелі ақсүйектердің орталық өкімет билігіне қарсы күресі бұрынғыдан да күшейді. Кебек ханның мемлекетті бір орталыққа бағындыру жөніндегі саясатын жалғастырушы інісі Тармашырын (1326 – 1344) қастандықпен өлтірілді. 14 ғ-дың 40-жылдарында Шағатай мемлекеті Мауераннахр және Моғолстан болып екіге бөлінді.

Едәуір кең тараған қолөнер ұсталық еді, олар темірден тесе, күрек, балта, шот, орақ, пышақ, қырғыш, таға т.б. жасады. Өндіріс саймандарынан басқа соғыс қару-жарақтарын: қанжар, қылыш, семсер, айбалта, найза, жебе, сүңгілер соқты. Алтын-күміс сияқты асыл металлдардан әшекейлі бұйымдар: білезік, жүзік, сырға, кемер белбеу, ер-тұрман саймандарын жасайтын шеберлер – зергер деп аталды. Орман тоғайлы жерлерді мекен еткен қазақтар ішінде ағашшылық қолөнері өріс алды.

XV-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні тарады. Алайда, ислам діні еңбекші халық арасында терең тамыр жойған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар т.б. Сондықтан халықтың бір бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.

XVI-XVII ғасырларда ауыз әдебиеті кең өріс алды. Ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан шыққан дарынды-ақындар, сал, серілер, жыраулар еді.

Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді. Халық арасында ана тіліндегі жазба әдебиет діни және тарихи мазмұндағы кітап түрінде тарады.

“Тарихи-и Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. II-жартысы- нан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден құралған. Бірінші дәптерде Шағатай әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шинжаң өлкесінде, Орталық Азияда, Индия мен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады.Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырырдың ортасында батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы. Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайы берілген.

Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған. “Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі.

XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1600 жылға дейінгі тарихы баяндалады.

Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады.Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген. “Жамих ат-тауарих” кітабыныің жазушысы Қадырғали Қосынұлы Жалайыр (1530-1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен “Жалайыр” аталған.Ол қазақ хандығының орда-сарайында ханның ақылшысы және ханзада- лардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. Бұл еңбек алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық көрген.

Әдістемелік нұсқау: ХV-XVII ғасырдағы Қазақ хандығының мәдениеті. Шаруашылығы. Мәдениеті. Ақша айналымы. Рухани мәдениет оның ішінде Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.), Жиембет (17 ғ.). Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші қарастырыңыз.