ГЛОССАРИЙ



Аридтік аймақ - ауа райы құрғақ аймақ.
Гоминид - адамның арға ата-бабалары
Плиоцен - өтпелі кезең.
Палеолит - ерте тас дәуірі
Мезолит - орта тас дәуірі
Неолит - жаңа тас дәуірі
Матриархат - аналық рулық қауым
Патриархат – аталық рулық қауым
Тұрақ - ежелгі адамдар мекені
Археология - (архео-көне, ежелгі;логос-оқимын)
Этнография - (этнос-халық, логос- оқимын)
миф - аңыз,ертегі
Методология - зерттеу әдістерінің жиынтығы
Шежіре - төтенше маңызды жазба дерек
Руналық - ежелгі түркі жазуы
Шаньюй - ғұндар көсемі, ханы
Он оқ будун - 10 тайпа одағы
Түркі - «төркін», «әскери ақсүйек»
Этногенез - халықтың шығу тегі
Қаған - ең жоғарғы әскери лауазым, хан, тек
Эфталиттер - ақ ғұндар
Половецтер - қыпшақ тайпалары
Протогород - үлкен, қала тектес қоныстар
«Шад» - түмен (10 000 адам) басы
Вассал - біреуге бағынышты, тәуелді
Моңғол империясы - Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет
Тархан - ақсүйектерге берілетін әскери лауазым
Ұлыс бектері - тарханнан төмендеу билік иесі
Қараша бектер - қара сүйектен шыққан билеуші
«Яссы» (Жасақ) -заңдар жинағы
Тамға - ерекшелік белгісі, таңба
Құл - ешқандай құқы жоқ, басыбайлы адам
Кесене -архитектуралық құрылыс, мазар
«Диуани хикмет» (Даналық кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидың кітабы
Тарихнама - шежіре, ауызша және жазбаша естелік
Әз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке - әділ билік жүргізген ел басыларына айтылатын билік сөзі
«Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан кезіндегі мемлекеттік құқықтың негізін реформалау үлгісі
«Жеті Жарғы» - Әз Тәукенің билік және заң қағидалары
«Қазақтардың алтын ғасыры» - Тәуке хан билік құрған жылдар
«Жоңғар» - батыс-моңғол тайпалары, «сол қол » деген ұғымды білдіреді
«Ойрат» - төрт тайпа одағы деген ұғым
«Қоңтайшы» - Жоңғар билеушісі
«Ақтабан шұбырынды» - 1723 немесе Жоңғар шапшылығының нәтижесінде қазақтардың босуы
Торғауыттар - еділ бойы қалмақтары
Бодандық - өз еркімен бағыну, бой ұсыну
Рухани мәдениет - адамның ақыл-ойының, санасының өсуі
Материалдық мәдениет - заттай мәдениет
Елші - бір елдің өкілі, дипломат
Төре, қожа - жоғарғы діни қабаттың өкілдері
төлеңгіт - төрелерге қызмет етуші әлеуметтік топ
Сұлтан - ақсүйек, Шыңғыс хан ұрпағы
рулық одақ - «Ата балалары» , біріккен тарихи топ
Тайпа - біріккен бірнеше рулық одақ
шариғат - мұсылмандардың діни заң-қағидалары
Жырау - философиялық толғау- өлең шығаратын халық әдебиет өкілі
Би - шешен, халық мойындаған ру-жүз, мемлекет қайраткері
Отар - бір елді екінші бір үлкен елдің күшпен немесе саяси әдіспен жаулап алуы
Зекет, харадж - алым-салық түрлері
Сырмақ – ақ және қара немесе басқа түстi киiздi оюмен ойып, түрлi түстi жiппен сырып құрастыратын төсенiш
Сюбашы – әскербасы
Талас жазуы – VIII ғасырдағы түрiк тайпаларының көне жазба мирасы
Тағар – әскердi қамтамасыз ету үшiн заттай алынатын салы
Тандыр – нан пiсiретiн пеш
Тасаттық – құрғақшылық кезiнде тәңiрден жаңбыр тiлеп құрбандық шалу рәсiмi
Рубасы – ру билiгiн жүргiзетiн адам
Руна жазуы – түркiлердiң көне жазуы
Орхон-Енисей жазуы – түрiк тайпаларының көне жазба мұрасы
Авеста – ертедегi парсылардың дiни кiтабы
Айбалта – соғыс қаруы
Ақсақал – аталас туыстар билiгiн жүргiзетiн адам
Алаш – ежелгi қазақ тайпаларының алғаш қауым болып бiрiккен одағы, “қазақ” атауының көне баламасы
Кiсе – күмiс, жез қаптырмалармен безендiрiп, қалташалар салған жалпақ былғары белдiк