ГЛОССАРИЙ


Минералды шикізаттарды – құм, қиыршық тас, құрылыс тасы, саз балшық және каолин, гипс, диатомит және трепел, далалықшпатты шикізат, графит, слда,тальк, волластонит және басқа минералдар мен тау жыныстары, сол сияқты өнеркәсіптік қалдықтар мен ілеспе өнімдер – күл, шлактар, метал кендерін байыту мен көмірдің әртүрлі қалдықтары.

Минералогия – минералдар туралы ғылым. Табиғи минералдардың 98% кристалды құрылысты.

Шикізат материалдары - силикат өнеркәсібінің шикізаттары ретінде әртүрлі тау жыныстары мен минералдар қолданылады.

Құрылыстық керамика – үй, ғимарат, құрылыстарды қалауға , қабырғалардың сыртқы және ішкі қапталуына арналған керамикалық тақталар, жерасты қатынастарына арналған бұйымдар, санитарлы-техникалық бұйымдар, кафельдер, жабынқыштар, жылуизоляциялық керамика материалдары бұйымдары жатады.

Отқа төзімді материалдар – жоғары температурада жұмыс жасайтын өнеркәсіптік пештерді, пештің оттығын және аппараттарды қалауға арналған бұйымдар, сол сияқты, әртүрлі мақсаттағы детальдарды күйдіруде қолданылатын оқ-дәрі ретіндегі бұйымдар.

Химиялық төзімді материалдар – изделия, предназначенные для работы в химиялық және басқа өнеркәсіп салаларындағы ыдыстардың, аппараттардың, машиналардың металл бөліктерін алмастыратын немесе қорғайтын агрессивті орталарда жұмыс жасауға арналған бұйымдар.

Жұқа керамика – шаруашылық фарфор және фаянс ыдыстар, көркемдік және сәндік бұйымдар, химиялық ыдыстар және бұйымдардың басқа түрі.

Техникалық және арнайы керамика – авиациялық, ракета-космостық, атомдық техникада, радиоэлектроника, электроника және басқа өнеркәсіп салаларында қолданылатын арнайы қасиеттері бар материалдар мен бұйымдар.

Саз балшық – кейбір тау жыныстарының (гранит, гнейс, кварцты порфир, пегматит, слюда және т.б.) атмосфералық агенттер әсерінен ыдырау және гидратациялану өнімдері болып табылады.

Металлургиялық қождар - металдарды қорытудағы қалдықтар болып табылады.

Отындық қождар мен күлдер - отын жануы барысындағы қаттыфазалық реакциялар нәтижесі.

Фосфорлы қождар – фосфордың электротермиялық өндірісі қалдықтары болып табылады.

Кептірудің негізгі міндеті – алынған жартылай фабрикаттың көлемінің өзгерісін аяқтау. Кептіру барысында материалдар мен бұйымдардың технологиялық және физико-химиялық қасиеттері өзгереді.

Қабырғалық керамика бұйымдары – ежелгі жасанды құрылыс материалдарының біріне жатады. Олар әртүрлі мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар салуда кеңінен қолданылады.

Қасбеттік керамика – жақсы қаптағыш материал, себебі сырт келбеті жақсы, құны жоғары емес, ұзақ мерзімге төзімді. Оны үш топқа топтастыруға болады: беттік кірпіш және тас, қасбеттік қаптағыш плиткалар мен плиталар, архитектуралық-көркемдік детальдар.

Керамикалық толтырғыштар - салыстырмалы жаңа материалдар болып табылады. Қасиеттері, құрылымының түзілу процесіне қарай олар дәстүрлі керамикадан ерекшеленеді.

Керамзит – түйіршіктелген көпсіген материал, сынуында кепкен көбік құрылымы бар.

Отқа төзімді материалдар - жоғары температурада механикалық және физика-химиялық әсерлерге төзімді және әртүрлі теплотехникалық агрегаттар жинауға қолданылатын материалдар мен бұйымдар.

Динас – құрамы 93% SiO2 тұратын отқа төзімді материал.

Алюмосиликатты отқа төзімді материалдар - екікомпонентті жүйе Al2O3-SiO2 негізінде алынған.

Ауалық ұстастырғыш материалдар – құрғақ-ауалы ортада қатайып және беріктігін ұзақ сақтайтын заттарды атаймыз. Оларға гипсті және магнезиалды ұстастырғыштар, ауалық әктас және ерігіш («сұйық») шыны.

Гидравликалық ұстастырғыштар – олар сумен қатып қалатын, ауалы ортада ұстасып және бастапқы қатаюдан кейін ылғалды ауалы, сол сияқты сулы ортада да қатая беретін, беріктігін сақтап әрі жоғарылата түсетін материалдар.