АВТОРЛАР ЖАЙЛЫ


Лебаева Жимс Темергалиевна – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Химия» кафедрасының аға оқытушысы. 1961 жылы шілде айның 17 жұлдызында Харабали қ., Астрахан облысы, Ресей Республикасы туылды.

1983 жылы Шымкент қ. «Электрохимиялық өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша Қазақ химия-технологиялық институтын бітірді.

Ол өзінің еңбек жолын Семипалатинск қ. Рубцовск машина жасау зауытының филиалында кең қолданыс тауарлары цехының болаттан жасаған бұйымдарды Гальвани жабу бөлмшесінде инженер-технолог болып бастады. 1994 жылы еңбек жолын ет және сүт өнеркәсібі Семей технологиялық институтының аналитикалық химия кафедрасында жалғастырды.

Мекеменің атауы қайта өзгергеннен кейін Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Химия» кафедрасында жұмысты жалғастырудамын.

Халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар мен семинарлар, біліктілікті арттыру курстарына қатысты.

Зерттеу нәтижелері бойынша 9 мақалалар мен 3 оқу құралы жарық көрді.

Касымова Жанар Сайлаубековна – биология ғылымдарының кандидаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Химия» кафедрасының доценті. Қазақстан Республикасы Семей облысы Жарма ауданының Георгиевка ауылында 1974 жылының 25 шілдеде туды.

1996 жылы «Биология және химия» мамандығы бойынша «Семей» Мемлекеттік университетін бітірді.

Еңбек қызметін «Семей» Мемлекеттік университетінің арнайы химиялық пәндер кафедрасында стажер-зерттеуші болып бастады.

1999 жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Экология» мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуде «Закономерности содержания тяжелых металлов в системе «почва-растение» при различной антропогенной нагрузке» тақырыбына диссертация қорғады.

Халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға және семиналарға қатысты, квалификацияны жоғарлату курстарын өтті.

Ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша 50 мақала және 10 оқу-әдістемелік құралдары басылып шығарылды.

Касенова Назым Бекболатовна – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Химия» кафедрасының оқытушысы. 1990 жылы 11 шілдеде Семей қаласында дүниеге келді.

2012 жылы аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Химия» кафедрасында аға лаборант қызметінен бастады.

2013 жылы аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне 6М060600 – «Химия» мамандығы бойынша магистратураға түсті.

Магистратурада оқу барысында Кельн университетінде тағылымдамадан өтті (Кельн, Германия).

2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Химия» кафедрасында қызмет атқаруда.