Кіріспе


Органикалық химия көміртегі қосылыстарын зерттейді. Органикалық заттардың негізгі табиғи көздері: мұнай, табиғи газдар, тас көмір, қоңыр көмір, ағаш және өсімдік қалдықтары.

Органикалық химия өнеркәсіптің әр түрлі салаларындағы технологиялық процестердің негізі болып табылады, атап айтқанда, отын өндірісі, бояғыш заттар өнеркәсібі, витаминдер, химиялық талшықтар, пластмасса, дәрі-дәрмек, қопарылғыш заттар және т.б., ауыл шаруашылығында органикалық тыңайтқыштар: арамшөпке қарсы заттар (гербицидтер), саңырауқұлақтар мен зиянкестерге қарсы заттар (инсектофугицидтер) және т.б. алынады. Органикалық химияның дамуына үлкен үлес қосқан орыс ғалымы А.М. Бутлеров болды. Ол 1861 жылы химиялық құрылыс теориясын ашты. Бұл теория химиктерге молекуланың ішкі құрылысын түсінуге, химиялық процестердің мәнін білуге, органикалық заттарды алудың жаңа жолдарын жобалауға, сол арқылы өнеркәсіпті дамытуға үлкен көмегін тигізді. 

Органикалық қосылыстар негізінен көміртектің қосылыстарынан  көмірсутектер мен олардың туындыларынан тұрады. Сонымен бірге, көміртегі мен сутегіден басқа органикалық қосылыстарға периодтық жүйенің көптеген элементтері де кіреді, бірақ көбірек оттегі, галогендер, азот, күкірт, фосфор және кейбір металдар кіреді.